Жаңалықтар (Коммерцияландыру бөлімі)

Университет қабырғасында Ғылым және коммерцияландыру департаменті  Коммерцияландыру бөлімінің басшысы Жайдарбек Танаев Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігінің ғылым комитеті мен «Ғылым қоры» АҚ – на коммерцияландыру бөлімінің есебі бойынша онлайн форматта кездесу өткізді.

Дулати университетінің Ғылым және коммерцияландыру департаменті  Коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) аясында зерттеу жұмыстарын жүргізетін жоба жетекшілері мен жауапты ғалымдармен кездесу өтті.

Кездесу мақсаты –  қаржыландыру мөлшері 350 млн теңгені құрайтын коммерцияландыру жобаларының байқауына өтінім дайындауды үйретіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Университет қабырғасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, бағдарламалық - нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) аясында 2026 жылы ашылатын зертханаларды ғылыми-техникалық тапсырмалары бойынша жүзеге асатын қызмет түріне аккредиттеу туралы куәлік алу үшін бас ғылыми қызметкерлер мен жауапты ғалымдарға аккредитациядан өту жөнінде оқу курсы ұйымдастырылды.

Дулати университетінің Ғылым және коммерцияландыру департаменті  Коммерцияландыру бөлімінің бастауымен «Ғылыми– зерттеу және тәжірибелік  – конструкторлық жұмыстарды орындау тәртібі туралы ереже» және «Стартап жобалар конкурсын ұйымдастыру ережесі» әзірленді.

Дулати университетінің Ғылым және коммерцияландыру департаменті  Коммерцияландыру бөлімінің бастауымен «Іс-шаралар хроникасы – 2024» атты кітапша жарық көрді.

Дулати университетінің Ғылым және коммерцияландыру департаментінің  бастауымен  7-11 сәуірі аралығында Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) аясында ашылатын зертханаларды аккредитациялау мақсатында ғылыми жобалар жетекшілері мен жауапты орындаушылар үшін біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды.

Дулати университетінің Ғылым және коммерцияландыру департаменті  Коммерцияландыру бөлімінің бастауымен нарықтың өзекті қажеттіліктері мен ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу мүмкіндіктерін талқылау мақсатында бизнес өкілдерімен кездесу өтті.

Дулати университетінің Ғылым және коммерцияландыру департаменті  Коммерцияландыру бөлімінің басшысы Жайдарбек Толепбергенұлы мен Жамбыл облысының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Айдар Қайнарұлы арасында ресми кездесу өтті.