News

АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай, университетте ақпарат саласының өкілдеріне арналған мерекелік кездесу ұйымдастырылды. 

Жиын барысында Басқарма Төрағасы – Ректор Ләззат Еркінбаева Ақпарат және медиакоммуникация орталығының ұжымын және «Журналистика және филология» кафедрасының меңгерушісі, доцент, филология ғылымдарының кандидаты Күлзинат Қарымбаеваны кәсіби мерекемен құттықтады. Ректор өз сөзінде, ақпарат саласы қызметкерлерінің университет өміріндегі маңызды оқиғаларды кеңінен насихаттап, білім ордасының жетістіктерін қоғамға танытудағы еңбегі ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар, журналистің кәсіби жауапкершілігі, шынайы ақпарат таратудағы рөлі мен қоғам алдындағы миссиясына тоқталып, барша мамандарға шығармашылық шабыт, тың бастамалар мен толағай табыс тіледі.

Сонымен қатар, мерекелік жиында сөз алған университет басшылығының өкілдері ақпарат саласы қызметкерлерінің күнделікті еңбегі оқу орнының ашықтығын қамтамасыз етіп, қоғам мен университет арасындағы байланысты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Олар жеделдік пен жауапкершілікті қатар ұстанатын мамандардың кәсіби қызметіне ризашылық білдіріп, шығармашылық ізденіс пен тың жобалар тіледі.

Жиын соңында университет басшылығы мереке иелеріне гүл шоқтарын табыстап, құрмет көрсетті.