News

«AUYL JAS QUIZ» БІЛІМ БӘЙГЕСІНІҢ ФИНАЛДЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ ДУЛАТИ ЖАСТАРЫ ТОП ЖАРДЫ!

«Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен Шерхан Мұртаза атындағы Тараз университетінде өткен «AUYL JAS QUIZ» зияткерлік білім бәйгесінің финалдық кезеңінде М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің жастары жоғары нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

4 кезеңнен тұрған білім бәйгесінің әр кезеңінде 11 команда бақ сынап, қатысушылар логика, жылдамдық, білім және тапқырлық бойынша өзара мықтыны анықтады.

Финал қорытындысы бойынша:
•“QADAM” тобы — І орын
• “Тарихшылар” тобы — ІІ орын иеленді.

Айта кетейік, осыған дейін өткен 3 кезеңде де Дулати командалары жеңімпаз атанып, университет жастары тұрақты түрде үздіктер қатарынан көрініп келеді.

Жеңімпаз жастарды шын жүректен құттықтаймыз! Жастарымыздың әр жетістігі – университет мерейі мен абыройы!