News

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ТОП ЖАРДЫ

Қырғызстан Республикасының астанасы Бишкек қаласында «Grappling NAGA Asia Championship» аясында жасөспірімдер, юниорлар және ересектер арасында Азия чемпионаты өтті. Аталған халықаралық жарысқа 7 мемлекеттің спортшылары қатысып, өзара мықтыларды анықтады.

Жарыс қорытындысы бойынша Дулати университетінің оқытушысы Бекнұр Альмешов ересектер санатында қарсыластарын жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Сонымен қатар, Жамбыл облысының құрама командасы да жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 12 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

Жеңімпаз спортшылар мен бапкерлер құрамын құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да ел намысын абыроймен қорғап, биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!