News

Болашақ мемлекеттік қызметкерлерге арналған диалог алаңы

М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің бірлескен кешенді жоспарына сәйкес «Адал азамат» қағидаты: «Әділетті қоғам – біздің таңдауымыз» тақырыбында ашық диалог алаңы ұйымдастырылды.

Аталмыш іс-шара Әлеуметтік-мәдени жұмыс департаменті мен Педагогика және психология жоғары мектебінің ұйымдастыруымен, «Саналы ұрпақ» студенттік қозғалысының қатысуымен өтті.

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тұжырымдамасымен бекітілген кешенді жоспар негізінде жастардың құқықтық мәдениетін арттыруды мақсат еткен жиында Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Ғазиз Досмаханбетұлы кіріспе сөзбен ашып, университет пен департамент арасындағы бірлескен жұмыстардың жастар тәрбиесіндегі маңыздылығына тоқталды.

Диалог алаңында Әлеуметтік-мәдени жұмыстар департаментінің басшысы Арнат Ұлтанбаев модератор болды.

Сөз тізгінін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департамент басшысының орынбасары Дәурен Омаров алды. Спикер мемлекеттік қызметтің трансформациясы, тазалық пен заң үстемдігі, сондай-ақ талантты жастарды мемлекеттік секторға тарту тетіктері туралы кеңінен сөз қозғады.

«Ақ жол» газетінің бас редакторы, облыстық  мәслихат депутаты Оралхан Дәуіт өз сөзінде баспасөз бен қоғамдағы әділдік өлшемдеріне, «Адал азамат» ұғымының мәніне тоқталып, жастарды адал еңбек етуге шақырды.

Байзақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас маманы Аяжан Сегізбай өз тәжірибесімен бөлісті. Жас маман жергілікті атқарушы органдардағы жастардың рөлі, мемлекеттік қызметке алғашқы қадам мен жауапкершілік туралы ой қозғады.

Іс-шара соңында «Саналы ұрпақ» қозғалысының мүшелері спикерлерге өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.