News

ДИССЕРТАЦИЯ СӘТТІ ҚОРҒАЛДЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасында 6D072600-«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығы бойынша білімін тәмамдаған Юсупова Лаура Хамидовна философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмысын сәтті қорғады.

Қорғау М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жанындағы 8D072- «Өндірістік және өңдеу салалары» бағыты бойынша құрылған диссертациялық кеңесте өтті. Лаура Хамидовна 8D07206 – «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» және 8D07230 – «Жеңіл өнеркәсібіндегі инновациялық технология» білім беру бағдарламалары аясында «Жаңа технологияларды қолдана отырып, жасөспірімдер аяқ киімінің бөлшектерін дайындауға арналған материалдар пакетін әзірлеу және антропометриялық зерттеу» тақырыбындағы ғылыми жұмысын қорғады.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми кеңесшілері:

— Елдияр Гулзинат Кайырбеккызы - (PhD) докторы, доцент, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақстан республикасы, Шымкент қ.

— Соколовский Алексей Ратмирович -техника ғылымдарының докторы, профессор, А.Н.Косыгин атындағы университеті, Носибирск қ., (Мәскеу қаласы., Ресей Федерациясы).

Лаура ханымды құттықтаймыз!Алдағы уақытта кәсіби табыс, жаңа жетістіктер, сәттілік және шығармашылық шабыт тілейміз!