Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласында орналасқан И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде 550700 – «Педагогика» мамандығы бойынша білімін тәмамдаған «Спорттық пәндер әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Темірбай Нұржан Маратұлы философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмысын сәтті қорғады.
Нұржан Маратұлы «Педагогические условия совершенствования физического воспитания студентов в вузе» тақырыбындағы ғылыми жұмысын қорғап, жоғары оқу орындарындағы студенттердің дене тәрбиесін жетілдірудің педагогикалық шарттарын зерттеуге арналған өзекті нәтижелерін ұсынды.
Ғылыми кеңесшілер мен жетекшілер:
— Калдыбаев Салидин Кадыркулович – педагогика ғылымдарының докторы, профессор (Ала-Тоо атындағы Халықаралық университет, Қырғыз Республикасы, Бішкек қ.).
— Сыдыхов Бахыт Дикамбаевич – педагогика ғылымдарының докторы, доцент (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.).
— Касымалиева Анара Сарыгуловна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор м.а. (Б.Т. Турусбеков атындағы Қырғыз мемлекеттік дене тәрбиесі және спорт академиясы, Қырғыз Республикасы, Бішкек қ.).
— Пак Стелла Николаевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент (И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, Қырғыз Республикасы, Бішкек қ.).
— Сегизбаева Назгуль Капаровна – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, хатшы (И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, Қырғыз Республикасы, Бішкек қ.).
Ғылыми жетекші — Калдыбаева Айжурок Токтапулатовна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор (И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, Қырғыз Республикасы, Бішкек қ.).
Шетелдік ғылыми жетекші — Байкулова Айгерим Мейирхановна – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.).
И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде бірінші PhD докторы атанған Темірбай Нұржан Маратұлына алдағы ғылыми және кәсіби қызметінде толағай табыс, жаңа жетістіктер мен шығармашылық шабыт тілейміз!
