News

ЕКІ ЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер бойынша проректор Рысгүл Кұдретуллаева Тараз қаласы бойынша «Астана Хаб» дербес кластерлік қоры филиалының директоры м.а Мария Маратқызын қабылдады.

Кездесу барысында тараптар білім беру, инновация және цифрлық технологиялар салаларындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға бағытталған екіжақты меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында бірлескен стартап жобаларды дамыту, цифрлық құзыреттерді арттыру, студенттер мен жас мамандарға арналған инновациялық бағдарламаларды іске асыру және IT саласында тәжірибе алмасу бағыттары қамтылды. Сонымен қатар, студенттердің «Астана Хаб» экожүйесіне қатысу мүмкіндігін кеңейту, бірлескен іс-шаралар, воркшоптар мен семинарлар ұйымдастыру көзделіп отыр.

Кездесу соңында тараптар алдағы ынтымақтастық бағыттарын жан-жақты талқылап, ортақ жобаларды тиімді жүзеге асыруға ниетті екендерін жеткізді. Қонақтар университет басшылығына алғыстарын білдіріп, білім мен инновация саласындағы серіктестіктің табысты болатынына сенім білдірді.