News

ДУЛАТИ СТУДЕНТІ АЛТЫН ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ!

2026 жылғы 30 қаңтар мен 4 ақпан аралығында Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында қолкүрестен Әлем кубогы өтті. Аталған халықаралық жарыста Дулати университетінің 6B01410 – «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Омар Әбдіқапар 1-орын иегері атанды.

Әлемнің бірнеше елінен келген тәжірибелі спортшылар қатысқан жарыста Омар Әбдіқапар жоғары шеберлік танытып, барлық қарсыластарын жеңіп, алтын жүлдені қанжығасына байлады.

Жеңімпазды құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыс пен биік белестер тілейміз!