News

ДУЛАТИ СТУДЕНТІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ!

Білім инновациялық орталығының «Жаңа қазақстандық патриотизм» жобасы аясында жастар саясатын дамыту және дарынды жастардың креативті идеялары мен жаңа бастамаларын қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Үздік студент» республикалық байқауы өз мәресіне жетті.

Аталған байқауға қатысқан М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасының 6В07122 – «АИСУ» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Мұхамедәлі Cәскебай жоғары нәтиже көрсетіп, І дәрежелі диплом иегері атанды.

Сонымен қатар, студенттің ғылыми жетекшісі, аға оқытушы Жанат Исакулова да байқау аясында арнайы марапатқа ие болды.

Жеңімпаз бен жетекшіні құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, еліміздің дамуына өз үлесін қоса беруіне тілектеспіз.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Медиа орталығы