News

ДУЛАТИ СТУДЕНТТЕРІ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ!

Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өткен Әлем кубогында Дулати университетінің студенттері жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Тарих-археология мамандығының 2-курс студенті Жәнібек Сатыпалдиев 30 қаңтар мен 4 ақпан аралығында өткен Халықаралық жарыста сәтті өнер көрсетіп, Әлем кубогынан қола жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ, Білім саласындағы дене мәдениеттік-спорттық қызмет білім беру бағдарламасының студенті Нұрдәулет Жайлаубай 31 қаңтар мен 3 ақпан аралығында өткен Халықаралық жарыста бақ сынап, Әлем кубогынан қола жүлдеге ие болды.

Студенттеріміздің жеңісімен бірге Қазақстанның көк туы Халықаралық аренада желбіреді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыс пен биік белестер тілейміз!