News

ДУЛАТИ СТУДЕНТТЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті базасында 15–16 мамыр күндері «Биология» бағыты бойынша ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасында XVIII республикалық пәндік олимпиада өтті.

Білім бәйгесіне еліміздің түрлі жоғары оқу орындарынан болашақ биолог мамандар қатысып, теориялық және тәжірибелік білімдерін сынға салды.

Олимпиада қорытындысы бойынша Жаратылыстану ғылымдары факультеті, Биология кафедрасының «Жалпы биология» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері Альмира Ғабитқызы, Мөлдір Манапбай және Ақжарқын Тәліпбаева командалық есепте жүлделі III орынды иеленді.

Команда жетекшісі – «Биология» кафедрасының аға оқытушысы Е.Б. Сұлтанаев.

Жеңімпаз студенттерді құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, ғылым мен білім жолында жаңа жетістіктерге жете берулеріне тілектеспіз!