News

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ ҮЗДІК МУЗЕЙ НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Тараз қаласында «Ерлік елге – мұра, ұрпаққа ұран!» атты қалалық қоғамдық мұражайлар, әскери және еңбек даңқы бөлмелері мен бұрыштары арасында байқау өтті.

Байқаудың мақсаты – тарихи мұраны насихаттау арқылы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру. Байқау қорытындысы бойынша «Үздік мұражай мен әскери даңқ бөлмесі» номинациясымен М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті I дәрежелі дипломмен марапатталды.

Университетімізді шын жүректен құттықтаймыз және Мұражай меңгерушісі Ақсәуле Тортайқызының ерен еңбегі мен адал қызметі үшін алғысымызды білдіреміз!