News

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ДЕНСАУЛЫҚ» СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында «Денсаулық» спартакиадасы өз жұмысын бастады.

Спорттық шараның мақсаты – ұжым арасында салауатты өмір салтын насихаттау арқылы белсенділікті арттыру және ұйымшылдықты нығайту.

Спартакиаданың ашылу салтанаты ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталып, «Асық ату», «Бес тас», «Тоғызқұмалақ» сынды ұлттық ойындармен бастау алды.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Денсаулық» спартакиадаға университет қызметкерлері белсене қатысып, спорттық жарыстарда өзара бақ сынады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, спартакиада алдағы күндері де жалғасып, түрлі спорт түрлері бойынша сайыстар өткізілмек. Барлық командаларға сәттілік тілейміз!