News

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ RFID ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЕНГІЗІЛДІ

Желтоқсан айында Дулати университетінің кітапханалық-ақпараттық орталығында заманауи RFID технологиясын (Radio Frequency Identification — радиожиіліктік сәйкестендіру) технологиясы енгізілді.

Бұл инновациялық шешім кітапхана қызметін цифрлық деңгейге көтеріп, оқырмандарға ыңғайлы әрі жедел қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

RFID жүйесі бірнеше құрамдас бөліктерден тұрады:

• Smart Stand — кітаптарды өздігінен алу, мерзімін ұзарту және қайтару үшін өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы (киоск);

• Кітапхана қорынан кітап беру және қайтаруға арналған экрандалған қызмет көрсету модулі;

• UniBook Reader HF — байланыссыз карталарды оқуға арналған үстелдік құрылғы (картридер);

• Планшеттік компьютермен жабдықталған инвентаризация ридері;

• Кітапхана қорының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін RFID жүйесі.

RFID технологиясының ең маңызды артықшылықтарының бірі – кітапхана қорын есепке алудың дәлдігін арттыру. Жүйе арқылы инвентаризация жылдам жүргізіліп, жоғалған немесе дұрыс орналастырылмаған басылымдарды анықтау оңай болады. Сонымен қатар, әрбір кітаптың қозғалысын бақылауға мүмкіндік туады. RFID кітап беру және қайтару үдерісін жеделдетеді. Оқырман кітапты бірнеше секунд ішінде өз бетінше рәсімдей алады, бұл кітапханашылардың жүктемесін азайтып, кезектерді қысқартады. 

Осыған орай, Дулати университетінің Басқарма Төрағасы – Ректорының у.м.а Сейтжан Орынбаев және Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімова кітапханалық-ақпараттық орталығындағы RFID технологиясымен танысып, енгізілген жүйенің артықшылықтарын көрді.

RFID енгізу арқылы кітапхана тек дәстүрлі оқу құндылықтарын сақтап қана қоймай, қызметкерлерге мәдени іс-шараларды ұйымдастыру, оқырмандармен кеңес беру және ақпараттық қызметтерді дамытуға уақыт бөлуге мүмкіндік береді. Осылайша, университет кітапханасы заманауи ақпараттық және мәдени орталыққа айналады.