News

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ!

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде Қабылдау комиссияның ресми ашылу салтанаты өтті. 

Басқарма Төрағасы – Ректор Ләззат Еркінбаева құттықтау сөз алып, білім беру сапасын арттыру, ашық әрі қолжетімді қабылдау жүйесін қалыптастыру және талапкерлерге жан-жақты қолдау көрсету – университеттің стратегиялық басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Ректор жастарға сапалы білім беру арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлау міндеті маңызды рөл атқаратынын жеткізіп, қабылдау науқанының жоғары деңгейде өтуіне сәттілік тіледі.

Салтанатты жиын барысында қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібі жан-жақты таныстырылып, талапкерлерге қызмет көрсету үдерісінің барлық кезеңдері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Атап айтқанда, құжаттарды қабылдау мерзімдері мен талаптары, өтініш беру тәртібі, білім беру бағдарламаларын таңдау ерекшеліктері және конкурсқа қатысу шарттары бойынша толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, талапкерлерге арналған ақпараттық-кеңес беру қызметтерінің жұмыс істеу тетігі таныстырылып, әр үміткерге кәсіби бағыт-бағдар беруге арналған консультациялық орталықтардың қызметі кеңінен баяндалды. Қабылдау науқаны барысында туындайтын сұрақтарға жедел жауап беру, қажетті құжаттарды дұрыс рәсімдеуге көмектесу және мамандық таңдау бойынша жеке кеңес ұсыну бағыттары ерекше атап өтілді.

Білім жолын таңдаған барша талапкерлерге сәттілік пен толағай табыс тілейміз!