News

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СПОРТШЫЛАРЫ ҚАЗАҚША КҮРЕСТЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ

Алматы қаласында жоғары оқу орындары студенттері арасында өткен Студенттік спорт лигасы аясындағы қазақша күрес жарысында Дулати университетінің құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға қол жеткізді.

Қыздар арасындағы 55 кг салмақ дәрежесінде Жанел Бөлтек ІІ орын иегері атанса, ұлдар арасындағы 90 кг салмақ дәрежесінде Арман Ілияс ІІІ орынға ие болды.

Жарыс барысында спортшылар жоғары дайындық пен табандылық танытып, университет намысын абыроймен қорғады. Жаттықтырушы — Әділет Бубеев.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!