News

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

23–31 мамыр аралығында Вьетнамның Да Нанг қаласында өткен «U23 Азия» чемпионатында еркін күрестен 61 кг салмақ дәрежесінде Қазақстан атынан сынға түскен, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің студенті Нұрданат Айтанов алтын жүлдеге ие болды.

Финалдық белдесуде Үндістан спортшысы Дипак Ратхимен 4:4 есебімен тең түсті. Дегенмен соңғы ұпайды алғаны үшін жеңіс қазақстандық балуанға берілді.

Осылайша, Нұрданат Айтанов Азия чемпионы атанып, Қазақстан қоржынына алтын медаль сыйлады.

Жеңімпазды құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да тек биік жетістіктер мен жеңістер тілейміз!