News

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДАДА ТОП ЖАРДЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 4 курс студенті, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айбек Жұманғали пара таеквондо спортынан республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.

Спортшы 2021 жылдан бері Қазақстан чемпионаттары мен Спартакиадаларында жүлделі орындарға ие болып, өз шеберлігін тұрақты түрде дәлелдеп келеді. 2023 жылы Қазақстан Кубогы мен Паралимпиада ойындарында чемпион атанса, 2025 жылы да Кубок пен Спартакиада жеңімпазы болды.

2026 жылдың 25–26 мамыр күндері Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында өткен пара таеквондодан Азия Пара ойындарына іріктеу турнирінде K44 санатында, 63 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы I орын иеленді. Айбек финалдық кездесуде өзбекстандық Худратжан Хайдаровты 2:0 есебімен жеңіп, турнир чемпионы атанды.

Осылайша, жас спортшының жеңісі Қазақстан пара спорт мектебінің халықаралық аренадағы беделін одан әрі арттырды. Айбек Жұманғалиға алдағы додаларда тек жеңіс пен жаңа биіктер тілейміз!