News

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАС ҒАЛЫМЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

Астана қаласында өткен «ТМД үздік магистранты» атты халықаралық форумында «Білім берудегі тарих және география» кафедрасы «Тарих педагогтарын даярлау» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты Мадина Аярбек жоғары жетістікке қол жеткізді.

Форум барысында жас ғалым ғылыми мақаласын жариялап, зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ұсынды. Қазылар алқасының шешімімен Мадина Аярбек І дәрежелі дипломмен марапатталып, «ТМД үздік магистранты» атағына ие болды.

Магистранттың ғылыми жетекшісі, кафедраның аға оқытушысы Зәуірбек Амандықұлына шәкіртінің ғылыми жетістіктеріне қосқан үлесі мен сапалы жетекшілігі үшін арнайы Алғыс хат табысталды.

Мадина Нұрғалиқызын және Зәуірбек Амандықұлын айтулы жетістіктерімен құттықтап, алдағы ғылыми жұмыстарына сәттілік тілейміз!