News

ДУЛАТИ ЖАСТАРЫ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДА ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі өтті. Аталған білім сайысында «Тоқыма: киім, аяқ-киім және былғары бұйымдары» білім беру бағдарламасы бойынша Дулати университеті студенттері жоғары нәтижелер көрсетті.

Командалық есепте Сайын Айтбаев, Нұрила Махан және Жарас Тілегеннен  құралған команда жүлделі II орынды иеленді. Сонымен қатар, жеке біріншілікте Сайын Айтбаев ерекше дайындық деңгейін көрсетіп, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің II дәрежелі дипломымен марапатталды.

Студенттердің жетістігіне жетекші Эльвира Сарыбаеваның ғылыми-әдістемелік басшылығы мен жүйелі дайындығы үлес қосты.

Жеңімпаздарды құттықтай отырып, алдағы уақытта жаңа жетістіктер тілейміз!