News

ҒАЛЫМНЫҢ ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕГІ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

Экологтар күніне орай, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің шешімімен «Химия және химиялық технология» кафедрасының PhD, қауымдастырылған профессоры Маржан Калмаханова  «Экология саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Аталған марапат қоршаған ортаны қорғау, экологиялық ғылымды дамыту және салаға білікті мамандар даярлау бағытындағы нәтижелі қызметі үшін табысталды.

Марапат иесін құттықтаймыз! Экология мен ғылымның өркендеуіне қосқан үлесіңіз еселеніп, алар асуларыңыз арта берсін!