News

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ БАҒЫТЫНДА ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде «Инклюзивті білім беру моделін оқыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы аясында «икемді кесте» форматында көшпелі-тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды.

Дәріс мақсаты –  профессор - оқытушылар құрамының инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мамандарды даярлау бойынша кәсіби құзыреттіліктерін арттыру және білім алушылардың қажеттіліктеріне сай оқытудың заманауи әдістерін қолдану тәжірибесін дамыту.

Сабақ «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. ГауҺар Санайдың жетекшілігімен өтті.

Дәріс барысында қатысушылар оқу зертханасының жұмысымен танысып, ондағы жабдықтар мен функционалдық аймақтардың ерекшеліктерін зерделеді. Сонымен қатар, инклюзивті аудитория жағдайында білім беру тәжірибелері талқыланып, практикалық ұсыныстар тыңдалды.

Дәріс соңында қатысушылар сапалы білім үшін  ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, жылы лебіздерін жеткізді.