News

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ!

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жастардың қаржылық мәдениетін арттыруға бағытталған саясатын іске асыру аясында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде «Қаржылық сауаттылық» курсы белсенді түрде жүзеге асырылуда.

Курс «Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушылары мен онлайн-оқыту бөлімінің техникалық және консультациялық қолдауы арқылы әзірленіп, студенттердің:
- жеке қаржыны басқару;
- бюджетті жоспарлау;
- несиелерді түсіну секілді маңызды дағдыларын дамытуға бағытталған.

Бүгінде бірінші курс студенттерінің шамамен 90%-ы курсты сәтті аяқтады!

Қаржылық сауаттылық — тек білім емес, ол:
- болашақтағы тұрақтылық;
- саналы шешім қабылдау;
- ⁠-заманауи қаржылық алаяқтықтан қорғану.

Өз болашағыңды бүгіннен бастап басқар!