News

ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

11–13 желтоқсан аралығында Жаңаөзен қаласында өткен дзюдодан жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында Дулати университетінің студенті Алтынбек Қонысбай жүлделі екінші орынға ие болды.

Чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен жастар қатысып, жоғары деңгейдегі бәсекеде Алтынбек өз шеберлігін көрсетіп, университет намысын абыроймен қорғады.

Жеңімпазды құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!