News

ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ ҒАЛЫМДАРЫ АНКАРАДА ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

11–18 мамыр аралығында Дулати ғалымдары Г.Б. Нұрадин мен Д.Д. Кульбаева Түркия Республикасындағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Анкара университеті ғалымдарымен ғылыми кездесу өткізді. Басқосу AP23485390 «Практикалық философия: әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытудағы интегралды білім беру мен дизайн-ойлау тұжырымдамалық метамоделі» атты гранттық қаржыландыру жобасы аясында жүзеге асырылды.

Сапар барысында университет зерттеушілері профессор Ибрахим Марашпен кездесіп, философия тарихына қатысты заманауи ғылыми бағыттар мен қазақ-түрік тарихи-мәдени байланыстары аясындағы зерттеу мәселелерін талқылады.

Жоба жетекшісі Гүлхан Болатқызы профессор Ибрахим Марашқа жоба аясында дайындалып жатқан оқу құралының құрылымдық және мазмұндық ерекшеліктерін таныстырып, бірлескен авторлықта ғылыми материалдар әзірлеу бойынша ұсыныс білдірді.

Кездесу соңында түрік ғалымдары аталған бастамаға қызығушылық танытып, болашақта оқу құралын қазақ және түрік тілдерінде бірлескен арнайы басылым ретінде шығару мүмкіндігі қарастырылды.