News

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАҒЫЛЫМДАМА АЯСЫНДА КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕ КЕҢЕЙДІ

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Ботагөз Байжігіт шетелдік русистерге арналған бір айлық халықаралық тағылымдамаға қатысып қайтты.

Бағдарлама А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік орыс тілі институты мен А.М. Горчаков атындағы жария дипломатияны қолдау қорының бірлескен жобасы ретінде ұйымдастырылған. Қатысушылар екі кезеңнен тұратын іріктеуден өтіп, оның қорытындысы бойынша Ботагөз Байжігіт тағылымдамаға қабылданды.

Халықаралық бағдарламаға Аргентина, Вьетнам, Сенегал, Түркия, Алжир және басқа да мемлекеттерден келген барлығы 24 оқытушы қатысты.

Тағылымдама барысында тіл білімі, әдебиеттану және орыс тілін оқытудың қазіргі заманғы әдістемелері бойынша Ресейдің жетекші ғалымдары мен мамандарының дәрістері тыңдалды. Сонымен қатар, қатысушылар өзара кәсіби тәжірибе алмасып, әр елдегі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Бағдарлама аясында алынған білім мен тәжірибе кафедраның оқу үдерісінде қолданылатын болады. Бұл студенттерді даярлау сапасын арттыруға және халықаралық ғылыми-академиялық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.