News

ХV ФУТЗАЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КОМАНДАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Жамбыл облысының әуесқойлар арасындағы футзалдан өткен ХV чемпионатында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің құрамасы бас жүлдені жеңіп алды.

Турнирдің нәтижесі бойынша университет командасы чемпион атанды. Сонымен қатар, жарыстың жарқын жұлдызы «Дене шынықтыру» кафедрасының меңгерушісі Жамбыл Бекназаров «Үздік сұр мерген» атағына ие болды.

Аталған жеңістер командалық рухтың, табандылықтың және спорттық мінездің жемісі болып саналады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыс пен биік белестер тілейміз!