News

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ – ӨРКЕНИЕТ БЕЛГІСІ

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде Әлеуметтік жұмыс басқармасының ұйымдастыруымен «Конституциялық мәдениет – өркениет белгісі» тақырыбында жиын өтті.

Жиынның мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген негізгі қағидаттар мен құқықтық нормаларды түсіндіру арқылы олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Басқарма мүшесі – Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор м.а Ғазиз Досмахамбетұлы сөз алып, тәрбие жұмыстарының сапасын арттыру, жастардың бойында азаматтық жауапкершілік пен патриоттық құндылықтарды қалыптастыру мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясында бекітілген заң үстемдігі, әділеттілік, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидаттарының маңызын түсіндіріп, бұл құндылықтарды студент жастар арасында насихаттаудың өзектілігін атап өтті. Ал, Аппарат басшысы Мирас Тұрғынбаев жастар тәрбиесінде жүйелі жұмыстың маңыздылығына назар аударып, студенттердің қоғамдық белсенділігін арттыру, академиялық мәдениетті қалыптастыру және университеттің ішкі тәртіп талаптарын сақтау бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, Басқарма мүшесі – инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректор м.а Данияр Тебаев студенттермен тәрбие бағытында жұмыс жүргізетін кураторлар мен жауапты мамандардың кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігінің маңызын атап өтіп, жастар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру қажеттігін айтты.

Жиын барысында факультеттердің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасарлары 2025–2026 оқу жылында атқарылған жұмыстардың қорытындылары бойынша есеп берді. Есептерде студенттердің азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру, құқықтық сауаттылығын арттыру, ұлттық және     жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеу, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жүзеге асырылған жұмыстар кеңінен қамтылды. Сондай-ақ, алдағы оқу жылына арналған басым міндеттер мен тәрбие жұмыстарының тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар қаралды.

Жиын соңында қатысушылар тәрбие жұмыстарының өзекті мәселелерін талқылап, жастар саясатын жетілдіру, студенттердің әлеуметтік белсенділігін арттыру және тәрбие жұмыстарының тиімділігін одан әрі дамыту бағытында пікір алмасты.