News

PAS ЕРІКТІЛЕРІ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

«WFK PAS жастар еріктілерінің 53-ші халықаралық бағдарламасы» қысқы мектебі аясында PAS ұйымының еріктілері балаларға қолдау көрсету және жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Бірінші еріктілер тобы Жамбыл облысы, Сарыкемер ауылында орналасқан Юрий Гагарин атындағы мектепке барып, спорт залын жаңартты. Олар мектептің спорт залын абаттандырып, қабырғаларды сырлау жұмыстарын жүргізді. Жаңартылған спорт залы оқушылардың дене шынықтырумен айналысуына және белсенді демалуына мүмкіндік беретін жайлы ортаға айналды.

Екінші еріктілер тобы Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйіне барып, тәрбиеленушілермен жылы әрі достық атмосферада уақыт өткізді. Балалармен бірге білезік тоқып, сурет салып, би билеп, әңгімелесіп, көңіл көтерді.

Кездесу соңында балаларға естелік сыйлықтар табысталды. Аталған қайырымдылық шаралар PAS еріктілер бағдарламасының маңыздылығын көрсетіп, балаларға қуаныш, мейірім және қамқорлық сыйлады.