News

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде Басқарма Төрағасы – Ректор Ләззат Еркінбаева еліміздің спорт саласына үлес қосып жүрген жеңімпаз спортшылар мен жаттықтырушыларға марапаттарын табыстады.

Атап айтқанда, Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында өткен «2026 CAVA Men’s and Women’s Universiade Game» халықаралық жарысында университеттің қыздар волейбол құрамасы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Команданы жарысқа жаттықтырушылар Нурдаулет Аганиязов пен Дастан Джылысбаев дайындады.

Салтанатты марапаттау рәсімінде университет басшысы команда мүшелерін құттықтап, олардың халықаралық деңгейдегі жетістігін жоғары бағалап, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, Дулати университетінің спорт саласындағы өкілі, жаттықтырушы Дастан Джылысбаев Өзбекстан Волейбол Федерациясы атынан табысталған арнайы сәлемдеме мен марапатты Ләззат Еркінбаеваға салтанатты түрде табыстады.
 
Марапат иегерлерін құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!