News

СТУДЕНТТІК ЛИГАДА ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СПОРТШЫЛАРЫ ТОП ЖАРДЫ

Алматы қаласында ЖОО студенттері арасында өткен спорттық лига аясындағы тоғызқұмалақ жарысында М.Х. Дулати атындағы университеттің құрамалары жоғары нәтиже көрсетті.

Қыздар командасы жарыс барысында өте жақсы нәтиже көрсетіп, жалпы командалық есепте ІІ орынға ие болды. Жекелей сайыста Жолыш Жанат күміс жүлде жеңіп алды. Ал Молдабек Айдана мен Әлі Алия да күміс медаль иеленіп, жеке есепте алтыннан олжалы болды.

Ұлдар құрамасы да жарыста табандылық танытып, жалпы есепте ІІІ орынды қанжығалады. Акимхан Саясат пен Аманкелді Сұлтан қола жүлдеге ие болды. Жұмабек Нұрсауле де қола медаль алып, жеке есепте күміс жүлдегер атанды.

Жалпы алғанда, Дулати университетінің студенттері өз шеберліктерін дәлелдеп, зияткерлік спортта мықты дайындық деңгейін көрсетті. Жаттықтырушы: Джанар Камысбаева

Командаларды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда бұдан да биік белестерді бағындырып, жеңістеріңіз көбейе берсін!