News

ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында №1 студенттік жатақханада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және қаржылық сауаттылық қалыптастыру» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. 

Кездесу мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын насихаттау арқылы қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру.

Кездесуге Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Жағыпар Исатаев және Әлеуметтік жұмыс басқармасының Дінтану саласы бойынша бас маманы Бахтияр Алпысбаев қатысып, студенттерге мазмұнды ақпараттар ұсынды.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін зияны, оның әлеуметтік-экономикалық салдары, жемқорлыққа қарсы күрестегі әрбір азаматтың рөлі жан-жақты түсіндірілді. Спикерлер адал еңбек ету, заң талаптарын сақтау және жеке жауапкершілікті сезіну – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы басты факторлар екенін атап өтті. Сонымен қатар, қаржылық сауаттылықты қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Қатысушыларға жеке қаржыны тиімді басқару, табыс пен шығысты жоспарлау, қаржылық тәуекелдерді бағалау, заңды жолмен табыс табудың маңыздылығы туралы нақты мысалдар келтірілді. Қаржыны ашық әрі адал басқару жемқорлық көріністерінің алдын алуға ықпал ететіні айтылды.

Кездесу соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға спикерлер толық әрі нақты жауап беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Белсенді пікір алмасу ұйымдастырылып, жастардың құқықтық және қаржылық мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды ойлар қозғалды.