«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Музыка және көркемдік білім» кафедрасының оқытушылары мен студенттері «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімінің №42 «Жұлдыз» бөбекжай-бақшасы» МКҚК базасында «Жасанды интеллект көмегімен мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту» тақырыбында өткен семинар-практикумға қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында бөбекжай-бақша меңгерушісі А.Е. Капашева дуалдық оқыту элементтерін қолданудың болашақ музыка жетекшілерінің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырудағы маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, музыка жетекшілері Д.Б. Абдикадирова, С.Ж. Мақұлбекова, педагог-логопед Ж.Г. Базарбек және «Музыка және көркемдік білім» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика магистрі Абдикеримова П.Ж. логоритмикалық жаттығулар, ойын технологиялары, цифрлық және жасанды интеллектке негізделген әдістер, перкуссия тәсілдері бойынша шеберлік сыныптарын өткізді.
Семинарға қатысқан 6В01402 – «Музыка мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын жасанды интеллект арқылы дамытуға бағытталған іс-әрекеттер бойынша білімдерін тереңдетіп, тәжірибе жинақтады.

