Хабарландыру (Сатып алу)

Хабарландыру

М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті «Ғылыми зерттеулер жүргізу және ғылыми жұмыстарды орындау үшін бюджет қаражаты есебінен қажетті тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу қағидаларына» сәйкес, 2025 жылдың 21 қарашасынан бастап келесі жобалар аясында жабдықтарды (құралдарды) сатып алуға бағалық ұсыныстарды (конкурстық бағалық ұсыныстарды) қабылдау басталатындығын хабарлайды:

1) АР26197175 «Штампталған траншеяларда ростверктері бар таспалы қадалы іргетастар орнату жұмыстарын жүргізу технологиясын әзірлеу» жобасы;

2) BR24992867 «Қазақстанның су шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және басқару үшін ресурс үнемдейтін технологияларды әзірлеу, инновациялық инжинирингтік орталық құру» бағдарламасы.

Бағалық (конкурстық) ұсыныстарды және құрал-жабдықтарға арналған коммерциялық ұсыныстарды (прайс-парақтарды) қабылдаудың соңғы мерзімі — 2025 жылдың 3 желтоқсаны.

Сатып алынатын тауарларға арналған ресімделген бағалық ұсыныстар (конкурстық бағалық ұсыныстар) мөрленген конвертте келесі мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: 080012, Тараз қ., Сүлейменов көшесі, 13, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті
(2-қабат, №203 кабинет) немесе электрондық түрде келесі электрондық пошта мекенжайларына жіберіледі: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Материалдардың, жұмыстар мен қызметтердің техникалық сипаттамасы

Лот 3 - Ғылыми зерттеулерді жүргізуге арналған жоспарлы сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтердің тізімі 2025 жылы мемлекеттік тапсырыс аясында жүзеге асырылатын AP26197175 «Штампталған траншеяларда ростверктері бар таспалы қадалы іргетастар орнату жұмыстарын жүргізу технологиясын әзірлеу» ғылыми жобасы