Хабарландыру

23 СӘУІР - КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ

Құрметті университет профессор-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар және студенттер!

Сіздерді, 2026 жылғы 22-25 сәуір күндері ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен, ҚР Жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығының ұйымдастыруымен, Дулати университетінде өтетін «Жасанды интеллект дәуіріндегі кітапхана: халықаралық тәжірибе және AI-SANA ұлттық бағдарламасы»-тақырыбындағы «Академиялық кітапханаларды дамытудың заманауи трендтер»   (ICAL-2026) атты XIII Халықаралық конференцияға шақырамыз!

Қатысушылар білім беру және ғылыми ортада Жасанды интеллектті қолданудың озық халықаралық тәжірибелерімен, инновациялық шешімдерімен және практикаларымен бөліседі.    

Сонымен қатар, конференция аясында кітапхана саласының жетекші мамандары, ғылыми қауымдастық өкілдері және ақпараттық технологиялар саласының сарапшылары кітапханалардың трансформациясындағы ЖИ рөлін талқылайды.  

Атап айтқанда, процестерді автоматтандыру, ақпаратты интеллектуалды іздеу және жаңа буын электрондық қызметтерді дамыту бағыттары кеңінен талқыланады.

Конференция мазмұнды кәсіби диалог алаңы ғана емес, сонымен қатар цифрлық дәуір жағдайында кітапханалық-ақпараттық қызметті дамытуға бағытталған жаңа идеялар, серіктестіктер мен бірлескен бастамалардың қайнар көзіне айналады.

КЕЛІҢІЗДЕР! КОНФЕРЕНЦИЯ ҚОНАҒЫ БОЛЫҢЫЗДАР!