2026 жылы университетімізге ғылым, технология, медицина және білім беру салаларындағы ең ірі ресейлік ақпараттық-талдамалық портал - eLIBRARY.RU- Ғылыми электрондық кітапханасына қолжетімділік берілгенін хабарлаймыз.
Аталған кітапханада 38 миллионнан астам ғылыми-техникалық жарияланымдар мен патенттердің аннотациялары мен толық мәтіндері қамтылған, соның ішінде 5600-ден астам ресейлік ғылыми-техникалық журналдардың электрондық нұсқалары бар. Олардың 4800-ден астамы ашық әрі тегін қолжетімді.
Бұл Ғылыми электрондық кітапханасында университеттің профиліне сәйкес ғылыми журналдармен таныса аласыздар: техникалық ғылымдар, ақпараттық технологиялар, химия және тамақ өнеркәсібі және т.б. (33 аталым): https://docs.google.com/document/d/1yy1XrXIvF7mIrGCHvGfQTMRZPinbkq0z8Se7vYo-Xq8/edit?usp=sharing.
eLIBRARY.RU жазылмалы басылымдарына қол жеткізу үшін әрбір пайдаланушы Ғылыми электрондық кітапхананың сайтында жеке өзі тіркеуден өтуі қажет:
https://support.elibrary.ru/KnowledgeBase/Category/63
Өз деректеріңізбен кірген кезде, басты беттің төменгі оң жақ бұрышында қолжетімді басылымдар туралы ақпарат - screenshot баннерінде көрсетіледі. Оны басу арқылы жазылуы бар басылымдар тізіміне өтесіз:
https://support.elibrary.ru/KnowledgeBase/Issue/217?categoryId=89
Сіз өзіңізге керек жарияланымдардың толық мәтінін жүктей аласыз, компьютерге сақтай аласыз, электрондық пошта арқылы жібере аласыз және білім беру мақсатында басып шығара аласыз. Бірақ, жүктелетін жарияланымдар саны шектеулі: тәулігіне 40 материалдан артық болмауы тиіс.
Сіздердің назарларыңызға «Пайдаланушы нұсқаулығын» ұсынамыз: https://clck.ru/3RdjPP
Сіздерді Кітапханалық-ақпараттық орталықтың сайтына шақырамыз: https://lib.dulaty.edu.kz