2026 жылы EBSCO компаниясының Academic Search Premier және eBook Academic Collection деректер базаларына қолжетімділік берілгенін хабарлаймыз !
Academic Search Premier - мультидисциплинарлық толықмәтінді журналдар, анықтамалықтар мен кітаптар, конференция жинақтары және басқа да жарияланымдар қоры. Бұл база 6548 толықмәтінді ғылыми журналды, 357 кітап пен монографияны, 44 ғылыми конференциялар жинағын және 300-ден астам басқа жарияланымды қамтиды.
Сонымен қатар, 19710-нан астам ғылыми басылым 127 елден 6350-ден астам баспаның материалдары негізінде индекстеледі.
Ғылыми база басылымдары жаратылыстану, гуманитарлық, әлеуметтік, техникалық және медициналық ғылымдар саласындағы 1900-ден астам пәндік бағытты қамтиды.
EBSCO eBook Academic Collection - академиялық тақырыптардың кең ауқымын қамтитын пәнаралық электрондық кітаптардың үлкен жинағын ұсынады.
Бұл пакетке білімнің түрлі салаларын қамтитын 237 000-нан астам электрондық кітаптар коллекциясы кіреді, олардың қатарында Oxford University Press, MIT Press, State University of New York Press, Cambridge University Press, University of California Press, McGill-Queen’s University Press, Harvard University Press және басқа да жетекші университеттік баспалардың басылымдары бар.
Сондай-ақ академиялық баспалар қатарында Elsevier Ltd., Ashgate Publishing Ltd., Taylor & Francis Ltd., SAGE Publications Ltd. және John Wiley & Sons, Inc. атап өтуге болады.
Ағылшын тіліндегі басылымдармен қатар, жинаққа әлемнің 75 тілінде жарық көрген кітаптар да енгізілген (барлығы 692 баспа).
Мұнда құқық, экономика және бизнес, әлеуметтік ғылымдар, тарих, білім беру және басқа да салалар бойынша әдебиеттерді табуға болады.
Электрондық кітаптардың қамту мерзімі: 1963 жылдан қазіргі уақытқа дейін.
Кітапханалық-ақпараттық орталықтың сайтында https://lib.dulaty.edu.kz осы деректер базаларымен танысуға болады!