Коммерцияландыру бөлімі

Коммерцияландыру бөлімі

loading...
Сипаттама
Негізгі мақсаттары
Басшылық
Қызметкерлер
Жобалар
Ережелер
Жаңалықтар

Коммерцияландыру департаменті университеттің директорлар кеңесінің 2021 жылғы 25 қарашадағы шешіміне сәйкес құрылған университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Коммерцияландыру бөлімі М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, ғалымдары мен қызметкерлеріне консультациялық және ұйымдастырушылық қолдау көрсету арқылы Дулати университетінің және оның ұйымдарының ғылыми зерттеулері мен әзірлемелерінің нәтижелерін коммерцияландыру процесін қолдау мақсатында құрылған. Коммерцияландыру бөлімі өз қызметінде мыналарды басшылыққа алады: -Қазақстан Республикасының заңнамасы;

  • Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің нормативтік құқықтық актілері;
  • «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
  • «Коммерцияландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін бағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
  • Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
  • М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жарғысы;
  • Ректордың бұйрығы.

Коммерцияландыру бөлімінің мақсаты: ғалымдардың ғылыми, ғылыми және техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру және іздеу, Дулати университетінің бәсекеге қабілетті коммерциялық перспективалы ғылыми әзірлемелерін нарыққа шығару.

Коммерцияландыру бөлімінің негізгі міндеттері:

  • М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ғылыми-инновациялық қызметінің тиімділігін арттыру арқылы ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (ҒҒТҚН) коммерцияландыруды тәжірибеде қолдануға жәрдемдесу;
  • «М.Х. Дулати университетінің инновациялық экожүйесін» құру, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің коворкинг орталығын, бизнес-инкубаторын, бизнес акселераторын ашу және оның қызметін қолдау;
  • М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ҒҒТҚН ғылыми-зерттеу және оқу бөлімшелерін коммерцияландыру технологияларын іздеу және бағалау; -университетте ҒҒТҚН коммерцияландыру идеясын насихаттау және осы салада ақпараттық іс-шаралар жүргізу;
  • инновациялық жобалар мен стартап-жобалардың деректер базасын құру, олардың коммерцияландыру әлеуетін бағалау және нарыққа жылжыту;
  • жобаларды қаржыландыратын операторлар мен әкімшілердің ағымдағы талаптарына сәйкес коммерцияландыру жобаларын тіркеу, қолдау, мониторингтеу;
  • коммерцияландыру жобаларын іріктеу, қолдау және мониторингтеу, сондай-ақ стартап-компанияларды құрумен байланысты коммерцияландыру жобаларын дайындау және қолдау;
  • нақты ҒҒТҚН объектілері үшін маркетингтік зерттеулер саласында консалтингтік қызметтерді көрсету;
  • технологияларды коммерцияландыру, инвестицияларды тарту, коммерцияландыру үшін ҒҒТҚН іздеу және бағалау саласындағы келісімдер жасау мақсатында бизнес өкілдерін тарту;
  • ҒҒТҚН коммерцияландыру саласындағы ғалымдарға әдістемелік қолдау көрсету;
  • М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ҒҒТҚН коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу;
  • ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) шарттар жасасу;
  • тәлімгерлік және стартап жобаларды сараптау.

Коммерцияландыру бөлімінің функциялары:

  • ғылыми-техникалық әзірлемелердің өзекті дерекқорын жүргізу;
  • семинарлар, ғылыми-техникалық әзірлемелердің көрмелерін ұйымдастыру;
  • ғылыми-техникалық әзірлемелердің пайдалы әлеуетін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу;
  • ғылыми-техникалық әзірлемелерді іскерлік тестілеу;
  • қаржыландыру көздерін табуға көмектесу;
  • серіктестерді табуға көмектесу;
  • коммерциялық әлеуеті бар ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу;
  • ғылыми-техникалық әзірлемелерді технологиялық трансферттеу және қызметтерді көрсету механизмін әзірлеу;
  • зияткерлік меншік объектілерін есепке алу мен қорғауды бағалауды ұйымдастыру;
  • ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерцияландыру бойынша маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру.
  • коммерцияландыру үшін технологияны іздеу және бағалау;
  • маркетингті зерттеулер;
  • технологияны коммерцияландыру облысында ғалымдарға әдістемелік көмек көрсету;
  • университет ғалымдарына ақпаратты көмек көрсету;
  • ИЖ облысында кеңес беру;
  • технологияны коммерцияландырудағы стратегияны қабылдау;
  • университетте коммерцияландырылған технологияларды жариялау;
  • инновациялық жобалардың дерекқорын жасап, оларды нарыққа жылжыту;
  • инновациялық жобаларды коммерцияландыру үшін нарыққа жылжыту;
  • шаруашылық келісімдер арқылы зерттемелер жасау.
  • университеттің ғылыми-техникалық зерттемелердің өзектілік базасын жүргізу;
  • ғылыми-техникалық зерттемелердің көрмелері мен семинарларын жүргізу;
  • ғылыми-техникалық зерттемелердің пайдасын бағалау;
  • ғылыми-техникалық зерттемелермен бизнес-тест жүргізу;
  • қаржы көзін іздеу;
  • серіктес іздеу;
  • коммерциялық потенциалы бар ғылыми зерттемелердің нәтижелерін өндіріске еңгізу;
  • ғылыми-техникалық зерттемелерді коммерцияландыруда маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру.

Искакова Гулзат Куанышбаевна

Бөлім бастығы

Байланыс телефоны: 8(701)9408957

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Мекен-жайы: Сүлейменова Ы. көшесі 13, кабинет 405

 

Кәсіби өмірбаяны/Білім

 

 

 

 

Казахбаева Динара Манатовна

бас маман

Байланыс телефоны: 8(707)592522

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Дулати Университетіндегі 2024-2025 Оқу Жылында Ғзж Бойынша Жұмыстар Туралы Коммерциаландыру Бөлімінің Ақпараты

Дулати атындағы Тараз университетінің тізімі 2025-2027 арналған ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциализациялау үшін гранттық қаржыландыру конкурсын ұсынады

Өтініш беруші: М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

Ғылыми жетекші: Керимбаева Р.К., п.ғ.к., доцент

Грант сомасы: 350 000 000 теңге

Жобаның жүзеге асу мерзімі: 2024-2026 жыл

Жобаның мақсаты –Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастырудың ғылыми-тәжірибелік негіздері арқылы  әзірленген қазақ халқының ұлттық құндылықтарын насихаттайтын заманауи үлгідегі  ойыншықтарды коммерцияландыру

Күтілетін нәтиже:

  • Ұлттық нақыштағы дамыту  ойыншықтарын жаңа технологиялық әдіспен өндіріске ендіру арқылы ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесін  коммерцияландыру;
  • Жобаны аяқтау кезінде кірістер көлемі грант сомасының кемінде 15% құрайтын болады;
  • Экологиялық таза материалдан балаларға арналып жасалған дамыту ойыншықтарын отандық нарыққа шығару;
  • Қазақстанда жасалған ойыншықтар өндірісінің технологиясын жетілдіру.

Ойыншықтардың артықшылығы:

-Табиғи ағаш және фанера  материалынан жасалған  ойыншықтардың қауіпсіздігі мен тұрақтылығы;

-Мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен ата-аналар жергілікті шикізат өнімінен жасалған ойыншықтарды қолжетімді бағада  алады;

-Танымдық, дамытушылық және  тәрбиелік мәнді  ұлттық нақыштағы  ойыншықтар,  шетелден әкелінген сапасыз  ойыншықтарды нарықтан ығыстырады.

 

Өтініш беруші: М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

Ғылыми жетекші: Зияева Г.К. б.ғ.к., қауымдастырылған профессор

Грант сомасы: 350 000 000 теңге

Жобаның жүзеге асу мерзімі: 2025-2027 жыл

Жобаның мақсаты — отандық және шетелдік нарықтарға шығу үшін сорго өсіру агротехнологиясын және жоғары сапалы жарма алу технологиясын коммерцияландыру. Жоба аясында келесі жұмыстар жүргізіледі:

  • Агротехнологияны енгізу: Оңтүстік Қазақстанның өндірістік жағдайларында құрғақшылыққа төзімді және жоғары өнімді соргоны өсірудің қарқынды технологиясын қолдану.
  • Техникалық жабдықтау: Жарманың өнеркәсіптік өндірісін жолға қою үшін қажетті технологиялық жабдықтарды сатып алу.
  • Өндірістік апробация: Ақ жүгері дәнін жармаға қайта өңдеудің әзірленген технологиясын іс жүзінде сынақтан өткізу.
  • Зертханалық сынақтар: Ақ жүгері негізіндегі жаңа өнімдердің тағамдық қауіпсіздігіне тестілеу жүргізу.
  • Өндірісті ұйымдастыру: Тұтынушыларға өткізу үшін жарманың жаңа түрлерін өнеркәсіптік деңгейде шығару.

Алынатын өнімнің сипаттамасы:

Жобаның нәтижесі — глютенсіз жоғары сапалы ақ жүгері жармасы, оның келесідей негізгі сипаттамалары бар:

  1. Табиғи глютенсіз өнім: Ақ жүгері — глютенді көтере алмайтын (целиакиясы бар) адамдар үшін және салауатты тамақтануды ұстанатындар үшін таптырмас диеталық өнім.
  2. Жоғары сапа мен бейімділік: Шикізат Оңтүстік Қазақстан климатына барынша бейімделген, арнайы іріктелген сорттардан өсіріледі.
  3. Қауіпсіздік: Өнімнің сапасы қатаң зертханалық зерттеулермен расталған және тағамдық қауіпсіздік стандарттарына толық сай келеді.
  4. Қолдану және өткізу аясының кеңдігі:
  5. Мемлекеттік ұйымдар: Диеталық тамақтану бағдарламалары аясында мектептерге, ауруханаларға және балабақшаларға жеткізу.
  6. Тамақ өнеркәсібі: Глютенсіз тез дайындалатын ботқалар мен мюсли өндіру үшін негізгі шикізат ретінде пайдалану.
  7. Бөлшек сауда: Сауда желілері арқылы жаппай тұтынушыларға сату.

 

 

 

 

Стартап жобалар конкурсын ұйымдастыру ережесі

Ғылыми зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарын ұйымдастыру

Жаңалықтар