Жобалық басқару және цифрландыру орталығы

Жобалық басқару және цифрландыру орталығы

loading...
Сипаттама
Басшылық және қызметкерлер

Мақсаттары:

  • Университеттің білім беру процесін цифрлық трансформациялау саласындағы жобаларды жоспарлау, әзірлеу, басқару және сүйемелдеу;
  • Автоматтандырылған әдістермен жобалық шешімдер мен жобалық құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз ететін ақпараттық технологияларды енгізуге қатысу;
  • Университетте автоматтандыру, әкімшілік және білім беру қызметін басқарудың бағдарламалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмысты үйлестіру;
  • Университеттің оқу және басқару қызметінде компьютерлік технологияларды қолдану тиімділігін арттыру;
  • Университеттің бірыңғай ақпараттық кеңістігін құруға, телекоммуникация желісін қоса, деректерді беру жүйесінің дамуын және жұмыс істеуін қамтамасыз етуге көмектесу;

Міндеттері:

  • Пайдаланушы тәжірибесін, сондай-ақ қызметкерлердің сұраныстарын зерттеу нәтижелерін ескере отырып, сервистерді құру мен дамыту жөніндегі жобаларды үйлестіру және ұйымдастыру арқылы цифрлық сервистерді дамыту процестерін және олардың сапасын басқару;
  • Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп Ақпараттық жүйелер мен цифрлық сервистердің тұрақты жұмыс істеуіне бағытталған стратегиялардың, бағдарламалардың, іс-шаралар жобаларының жобаларын әзірлеу;
  • Цифрлық мәдениетті қалыптастыру және дамыту, қызметкерлерді цифрлық трансформация процесіне тарту;
  • Ағымдағы процестерді талдауға, жақсартуға және автоматтандыруға мүмкіндік беретін Университеттің бизнес-процестерін ұсыну бойынша қызметті ұйымдастыру;
  • Университеттің цифрлық трансформациясын қамтамасыз ету мақсатында бөлімшелердің ағымдағы қызметі шеңберінде бизнес-процестерді үздіксіз талдауды және оңтайландыруды қамтамасыз ету.

Құрылымы

  • Цифрлық трансформация секторы
  • IT жүйелерін қолдау секторы