Стратегиялық даму басқармасы

Стратегиялық даму басқармасы

loading...
Сипаттама
Басшылық
Құрылымы
Рейтинг
Нормативтік құжаттар
Жетістіктер

Басқарма миссиясы

Жаңа даму стратегиясы және білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету жүйесін құру Дулати университетінің рейтингін жақсартуға көмектеседі деп сенеміз.

Басқарма қызметінің мақсаты

Стратегиялық даму бағдарламасын әзірлеу және оның орындалуын қадағалау, аккредиттеу процестерін ұйымдастыру, рейтинг және сапа менеджменті жүйесінің жұмыстарын ұйымдастыру.

Басқарманың негізгі міндеттері

  • Стратегиялық даму бағдарламасын әзірлеу, жоспардың орындалуын қадағалау, стратегиялық жоспар бойынша есептерді талдау,  университет деңгейінде қорытынды есеп дайындау;
  • Сапаны басқару саласында озық тәжірибелерді үйрену, Халықаралық, ұлттық рейтингтерге қатысу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • Білім беру бағдарламаларын аккредитттеу және постмониторинг процестерін ұйымдастыру;
  • Сапа саласындағы саясатты және мақсаттарды әзірлеу және оны университет қызметкерлеріне жеткізу;
  • Университеттің сапа менеджменті жүйесінің СМЖ ISO 9001:2015 ХС талаптарына сәйкес жұмыс қалпында ұсталуын қамтамасыз ету;
  • СМЖ бойынша қолданыстағы құжаттамалардың жарамдылығын, жаңартылуын мерзімді түрде қадағалау;
  • СМЖ, рейтинг салаларында ішкі семинарлар өткізу;
  • СМЖ талаптарына сәйкес ішкі тексерулер (аудит) ұйымдастыру және нәтижелерін талдау.

Дәрібаев Жанәлі Еркінбекұлы

Стратегиялық даму басқармасы жетекшісі, Химия ғылымдарының кандидаты

Байланыс телефоны: +7 771 149 41 66

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Мекен-жайы: 2.1.205 кабинет

 

 

Кәсіби өмірбаяны/Білім

Дәрібаев Жанәлі Еркінбекұлы 1963 жылы 31 тамызда Кентау қаласында дүниеге келген. А.С.Пушкин атындағы №6 қазақ орта мектебін алтын медальмен тәмамдап, Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін 1985 жылы түсті металдар металлургиясы мамандығы бойынша аяқтап, инженер-металлург біліктілігі берілген.

1998 жылы “Қиын тотықсызданатын селенат-иондардың қатты электродтардағы электрохимиялық қасиеттері” тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған, химия ғылымдарының кандидаты.

Жалпы еңбек өтілі 45 жыл, педагогикалық еңбек өтілі 31 жыл.

1985-2005 жылдар аралығында Алматы ауыр машина жасау заводында болат құю цехында аға инженер-технолог, Кентау экскаватор заводы болат құю цехының аға шебері, Кентау қалалық атқару комитетінің аймақтық салааралық бірлестігінің ғылыми-зерттеу орталығында зерттеуші, Кентау қалалық “Қазақ тілі” қоғамының жауапты хатшысы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау орталығында оқу лабораториясының меңгерушісі, “Жалпы химия және химиялық экология” кафедрасының доценті, “Экология” ғылыми-зерттеу институтының ғалым хатшысы.

2005-2013 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Экология ғылыми-зерттеу институтының ғалым хатшысы, Экология факультетінің деканы, Біліктілік жетілдіру факультетінің деканы, Инженерлік-педагогикалық факультетінің деканы,  Стратегиялық даму, рейтинг, комплаенс бақылау және сапа орталығының басшысы қызметтерін атқарған.

2023 жылдан бастап М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде Стратегиялық даму басқармасының басшысы.

Ахмет Ясау университеті Кентау институтының Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, кәсіподақ комитетінің төрағасы, ХҚТУ Сенат, Ғылыми кеңес, Академиялық кеңестердің мүшесі, “Нұр Отан” Халықтық демократиялық партиясы Кентау қалалық филиалының Бюро мүшесі, Саяси кеңес мүшесі, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, “Нұр Отан” партиясы  Түркістан қалалық филиалы “Тұран” бастауыш ұйымының төрағасы қоғамдық қызметтерін атқарған.

“Құмкөл”, “Қызылқия”, “Арысқұм”, “Майбұлақ” кен орындарын көгалдандыру”, «Оценка воздействия на окружающую среду» объектов ТОО «ТЭК Алматы», Инвентаризация флоры и фауны участка №1 «Южный» и участка №2 «Торткудук» месторождения Моинкум ТОО СП «КАТКО» жобаларына жетекшілік жасаған.

Глобальды Экологиялық Қор ұйымдастырған «Хантағы тұрғындары үшін баламалы жайылымдарды сумен қамтамасыз ету және мал дәрігерлік қызмет көрсету пунктін ұйымдастыру» жобасына жетекшілік жасаған, ОҚО ішкі саясат департаменті ұйымдастырған «Діни экстремизм және терроризмді алдын-алу мәселелері бойынша ұйымдастыру іс-шараларын өткізу» грантының иегері.

"Кентау трансформатор зауыты" ААҚ, "Кентау экскаватор зауыты" ААҚ, "Түркістанремлокомотив", "Ақберен" ЖШС, "АзияКерамик" ЖШС және т.б. мекемелер мен кәсіпорындар үшін 60-тан астам табиғатты қорғау жобаларын әзірлеген.

50 астам кәсіби жарияланған мақалалар мен тезистер, 2 ҚР предпатенті, экология бойынша 5 оқулық және оқу құралдары жарияланған.

 

Негізгі жарияланымдар:

  1. Натрий сульфатының тотыққан түрлерінің белсенділігін электрохимиялық жолмен қалпына келтіру. Алматы, 2000. "Қазақстан өнеркәсібі" республикалық журналы №3.Б. 104-107.
  2. Түркістан өңірінің қоршаған ортасының жай-күйін экологиялық-экономикалық бағалау. Журнал: "Ізденіс-Іздеу", Алматы, №4, 2006.
  3. Turkistan'in ekolojik durumu ve delecegi. "Turk yurdu" журналы, 2010. №274. Анкара.
  4. Шұбаркөл кен орнының көмірі мен тақтатастарын бірлескен гидрогенизациялау процесінің қатты өнімдерін дифференциалды-термиялық талдау. Ғылыми журнал Ресей Федерациясының гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының өзекті мәселелері, Волгоград, 2012 ж. №11.
  5. Мамандарды даярлауда компьютерлік-ақпараттық технологияларды пайдалану. Хабаршы РУДН N1, Ресей, 2013.
  6. Formation of the Informational-communicative Competence of Future Specialists Түркия, Анталия, 2013 Vol 4 (2013): 3rd World Conference on Innovation and Computer Science (INSODE-2013). AWERProcedia information Techology Computer Science. 2013, 04, pp 212-218.
  7. The formation of professional competencies of future specialists . Қыт, 2013 Life Science Jornal-2013. Vol. 10 (9s). – P.426-430.
  8. Болашақ экологтарды даярлау процесінде шет тіліндегі коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыру. Қазақстанның педагогикалық хабаршысы, Павлодар, Павлодар педагогикалық институты, №2-3, 2014 ж., б. 20-30.

9.Ахмет Йасауи кесенесін тарихи қалпына келтіру мәселелері, Астана, 2016. ЕҰУ “Хабаршы” журналы, 2016, №1 (110), 241-244б.

Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттіктің ұлттық сарапшысы, "Қазақстандық сапа ұйымы" - ИСО 9001: 2015 Ішкі аудиторы, аккредиттеу рәсімдері, сыртқы аудит, "ЖОО-ның сыртқы бағалау (аудит) және өзін-өзі бағалау есептерін сараптау рәсімі" бойынша сарапшы, ҚР БжҒМ "Өрлеу" Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы, ҚазҰУ біліктілікті арттыру институты," Интерсерификация-ЦентрАзия Оқу орталығы" - СМЖ ішкі аудиторы, Түрік стандарттау институты сапа менеджменті жүйесінің маманы, "Союз" менеджерлік мектебінің тыңдаушысы.

ҚР БжҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері, университеті ректорының бірнеше алғыс хаттарымен, Кентау қаласы, ОҚО әкімінің бірнеше дүркін Алғыс хаттарымен, Грамоталарымен, ОҚО мәслихаты Құрмет грамотасымен, “Нұр Отан” ХДП облыстық, республикалық басшыларының Алғыс хаттары және Құрмет грамотасымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасымен, “Нұр Отан”  партиясының төрағасы, бірінші орынбасарының Құрмет Грамотасымен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталған. Кентау қаласының құрметті азаматы.

Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру бөлімі

Аккредиттация, рейтинг және сапаны қамтамасыз ету бөлімі

 

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ TIMES HIGHER EDUCATION ASIA
RANKINGS 2026 РЕЙТИНГІНДЕ «REPORTER» МӘРТЕБЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ

SES ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ САРАПШЫСЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

АРТА ЭКСПЕРТТЕРІ ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ  31 БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША АККРЕДИТТЕУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ  TНЕ -INTERDISCIPLINARY SCIENCE RANKING (ISR)  2026 РЕЙТИНГІНДЕ «REPORTER» МӘРТЕБЕСІН ИЕЛЕНДІ

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ QS АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАТАРЫНА ЕНДІ

ПОҚ ЖӘНЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ САПАСЫНА ЖӘНЕ ЭКОЖҮЙЕГЕ ҚАНАҒАТТАНУЫ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ №4 ҚОСЫМШАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУЫ НАҚТЫЛАНДЫ

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ THE IMPACT RANKINGS 2025 РЕЙТИНГIНДЕ!

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ: QS 2025 ТҰРАҚТЫ ДАМУ РЕЙТИНГІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕТЕКШІ УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ БІРІ!

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ QS РЕЙТИНГІНДЕ ЖАҢА БЕЛЕСТЕРГЕ БЕТ АЛУДА!

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ - QS ASIA UNIVERSITY RANKINGS 2025 РЕЙТИНГІНДЕ

QS САММИТІ: QS STARS РЕЙТИНГІ БАР УНИВЕРСИТЕТТЕРДІ МАРАПАТТАУ

QS ПРЕ-САММИТІ ӘЛЕМДІК ЖОО РЕКТОРЛАРЫН ЖИНАДЫ

«САПА МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ» ЖӨНІНДЕГІ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ

ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУЫНА АРНАЛҒАН ТҮСІНДІРМЕ СЕМИНАРЫ

УНИВЕРСИТЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ KPI КАРТАЛАРЫНА АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛ БОЙЫНША СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТТЕРІ 2024 РЕЙТИНГІНДЕ РЕПОРТЕР СТАТУСЫН ИЕЛЕНДІ

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУ БОЙЫНША «ЖОЛ КАРТАСЫ» ӘЗІРЛЕНДІ

49 БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫ АККРЕДИТТЕУДЕН СӘТТІ ӨТТІ

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ QS STARS РЕЙТИНГІНДЕ “3 ЖҰЛДЫЗДЫ” ОҚУ ОРНЫ!

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ КЕШЕНДІ ІШКІ АУДИТТІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 2023-2029 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУ МЕН ТАЛДАУЛАР

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АККРЕДИТТЕУ АГЕНТТІГІНІҢ СЫРТҚЫ ЭКСПЕРТТЕР ВИЗИТІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ АЗИЯДАҒЫ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ БІРІ

KPI ЖҮЙЕСІМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ НЕГІЗДЕРІ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

УНИВЕРСИТЕТТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН АКТУАЛИЗАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ЖАҢА ИНДИКАТОРЛАРДЫ ТАНЫСТЫРУ

ӘЛЕМДІК QS РЕЙТИНГІНЕ ҚАТЫСУ ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ