Жаңалықтар (Ғылым және коммерцияландыру)

Дулати университеті қабырғасында Басқарма Төрағасы – Ректор Мұхтар Байжұмановтың  қатысуымен Басқарма Мүшесі Ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаевқа қарасты құрылымдық бөлім басшыларының есебі, гранттық қаржыландыру жобалары мен мақсатты бағдарламалар жетекшілерінің ғылыми зерттеу жұмыстарды орындау барысы жөнінде кездесу өтті.

Дулати университеті қабырғасында $50,000 жүлде қоры бар республикалық «Decentrathon 2.0» мультилокациялық хакатоны өтті.

Байқауды ұйымдастыру комитеті: Astana Hub, аймақтық Zhambyl Hub және Blockchain Center зерттеу зертханасы, Дулати университетінің  коммерцияландыру бөлімі, Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім.

Байқаудың мақсаты – IT саласындағы жас мамандарға инновациялық стартаптар мен кәсіпкерлік бастамаларды қажетті ресурстармен, біліммен және қолдаумен қамтамасыз ету. Қатысушы командаларға қойылған шарт – 48 сағат ішінде өзекті мәселелердің жаңа шешімдерін ұсыну, инновациялық өнім идеяларын дамыту.

Дулати университетінің қабырғасында оқытушылар мен жас ғалымдарға арналған «The wonderfui world of camel milk» байқауы өтті.

«LF company» бірлесіп, Ғылым және коммерцияландыру департаментінің коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен байқауға 12 команда қатысып, бақ сынасты. Байқаудың мақсаты - жиналған жұртқа түйе сүтінен өндірілген жаңа өнімдерді таныстыра отырып, жарнама жасау.

Жиын басында Басқарма Мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев сөз алып, университетіміз үздіксіз даму үстінде екенін тілге тиек етіп, қатысушы командаларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.

М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінде "спорттық бағдарламалау федерациясы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ICPC ірі студенттік турнирінің 1/4 финалы өтті. Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның барлық университеттерінің студенттеріне бағдарламалаудағы өз дағдыларын көрсетуге, осы салаға қызығушылықты арттыруға, техникалық қабілеттерін дамытуға, кәсіби байланыстарын нығайтуға және IT-индустриядағы табысты мансаптың негізін қалауға мүмкіндік беру. Осы мақсаттарды іске асыру үшін Федерация Қазақстанның түрлі өңірлерінде студенттер үшін бірқатар жобаларды іске асырады.

Дулати университетінің «Ғылым және коммерцияландыру департаменті»  Коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен факультет декандарының ғылым жөніндегі орынбасарларымен кездесу өтті.

Кездесу мақсаты – университет ғалымдарының ғылыми қызметте дамуын нығайту арқылы ортақ пікір алмасып, идеялар мен жобаларды іске асыру.

Университет қабырғасында  Ғылым және коммерцияландыру департаментінің бастауымен  Түркия, Таяу Шығыс, Румыния және Болгарияны қамтитын «Elsevier» барлау тобының шешімдерді сату жөніндегі менеджері Ясемин Солайемен онлайн форматта кездесу өтті.

Университет қабырғасында Ғылым және коммерцияландыру департаменті  Коммерцияландыру бөлімінің басшысы Жайдарбек Танаев Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігінің ғылым комитеті мен «Ғылым қоры» АҚ – на коммерцияландыру бөлімінің есебі бойынша онлайн форматта кездесу өткізді.

Дулати университетінің Ғылым және коммерцияландыру департаменті  Коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) аясында зерттеу жұмыстарын жүргізетін жоба жетекшілері мен жауапты ғалымдармен кездесу өтті.

Кездесу мақсаты –  қаржыландыру мөлшері 350 млн теңгені құрайтын коммерцияландыру жобаларының байқауына өтінім дайындауды үйретіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізу.