«Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлік зерттеу әдістері» инженерлік бейінді ғылыми-зерттеу зертханасы
«Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлік зерттеу әдістері» инженерлік бейінді ғылыми-зерттеу зертханасы 2007 жылы құрылған. Зертхананың жалпы ауданы 902 м2.
Университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімімен «Наноинженерлік зерттеу әдістері» ғылыми-зерттеу зертханасына оның материалдық-техникалық базасын айтарлықтай дамытуға және жұмыс тиімділігін арттыруға елеулі үлес қосқан техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-нің 2008-2012 жылдардағы ректоры Әшімжан Сүлейменұлы Ахметовтың есімі берілді (30.10.2012 жыл, №2 хаттама).
Зертхана қызметінің мақсаты – зертхананың материалдық-техникалық және кадрлық әлеуетін тиімді пайдалану негізінде тамақ инженериясы, құрылыс өндірісі, мұнай-газ саласында озық технологияларды құру бойынша теориялық және эксперименттік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.
Зертхананың негізгі міндеттері:
– ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды, оның ішінде ғылыми және технологиялық дамудың басым бағыттары бойынша іргелі, қолданбалы жобаларды іске асыруға жәрдемдесу, ғылыми бағыттардың тиісті саласында магистрлік, докторлық диссертациялық жұмыстарды дайындауға жәрдемдесу;
– жаңа білім мен технологияларды тарату;
– студенттерді, магистранттарды, докторанттарды, жас ғалымдарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту;
– отандық және шетелдік университеттермен және ғылыми орталықтармен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу;
– жоғары технологиялар секторына инвестициялар тарту мақсатында ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдайлар жасау;
– мемлекеттік-жеке әріптестік тетіктерін дамытуға жәрдемдесу;
– ғылыми-техникалық сипаттағы міндеттерді шешу үшін құрал-жабдықтарды тиімді пайдалану;
– халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық жұмыстарының дамуына үлес қосу.
Зертханадағы зерттеу жұмыстары геотехника, тамақ инженериясы, мұнай-газ саласы сияқты бағыттар бойынша ынталы негізде келесі 3 жоба аясында орындалады:
1) Прогрессивті геотехникалық конструкцияларды және оларды құрылыс үшін дайындау технологияларын әзірлеу;
2) Табиғи байытқыштар негізінде функционалдық мақсаттағы нан, нан-тоқаш және ұнды кондитерлік өнімдерінің технологиясын әзірлеу;
3) Мұнай ұңғымаларына арналған тампонаждық материалдар мен бұрғылау ерітінділерінің қасиеттерін зерттеу.















