Жаңалықтар (Коммерцияландыру бөлімі)

3 апреля 2024 года в Таразском региональном университете имени М.Х. Дулати прошла выставка «Инновации в беспилотных технологиях: сотрудничество Китая и Казахстана» организованная

Департаментом науки и коммерциялизации.

Дулати университеті қабырғасында «Astana hub» халықаралық IT стартап технопаркінің өңірлік филиалы Zhambyl Hub қолдауымен «Idea Battle Demo Day» командалық стартаптар байқауының финалы өтті. Байқауды ұйымдастыру комитеті: Zhambyl hub өңірлік менеджері Айгерім Наурызбекова және Ғылым және коммерцияландыру департаментінің коммерцияландыру бөлімі.

Дулати университетінде Zhambyl IT hub-тың қолдауымен “DULATY HACHATHON - 2024” университетішілік байқауы өтті. Хакатонға университетіміздің студенттерінен құралған 9 команда қатысты.

Хакатон өткізудегі басты мақсат - дарынды жастарды анықтау, шығармашылық қабілеттерін дамытуды ынталандыру, презентациялар (питч) нысанында идеялар мен жобаларды ұсынудың практикалық дағдыларын пысықтау, жастардың кәсіби салада жүрген менторлармен және жетекші мамандармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігін арттыру.

 Хакатон - бұл Дулати университетінің барлық курстарының ниет білдірген студенттері мен магистранттарының бейресми жағдайда IT мәселелерді шешуге атсалысып, шығармашылық идеяларын прототипке айналдыратын бағдарламалашылар марафоны. Қатысушы командаларға қойылған шарт – қысқа мерзім ішінде, яғни 24 сағатта берілген кейске IT шешім жасау.

Жарыс қорытындысы бойыншы: I орынды IT jastary командасы жеңіп алды. Hexagon командасы II орыннан көрінсе, PICO PARK IST командасы III орынды иеленді. Жарыс жеңімпаздары арнайы диплом, сертификаттармен марапатталып, қаржылай сыйлықтарға ие болды. Яғни, 1-орынға 100 мың теңге, 2-орынға 60 мың теңге, ал 3-орын жеңімпаздарына 40 мың теңге табыс етілді. Айта кетейік, DULATY HACHATHON – 2024 байқауының өтуіне Жамбыл Hub - Astana Hub технопаркінің өңірлік филиалы мен «VKUS – вкусные суши» демеушілік көрсетті. Іс-шара ұйымдастырушылары:Коммерциаландыру және корпоративті клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлімдер, Жобалық басқару және Цифрландыру бөлімі

       

Дулати университеті қабырғасында «DULATY START-UP-2024: Student Energy Challenge»  атты командалық зияткерлік стартаптар байқауы өтті.

Байқауды ұйымдастыру комитеті: Коммерцияландыру бөлімі және Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім.

Байқаудың мақсаты  – стартаптарды қолдап, энергетикадағы жаңа технология, экология және шығындыларды азайту, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу бағыттары бойынша үздік жобаларды анықтау үшін инновациялық шешімдерді әзірлеу. Жастар арасында стартап мәдениетін насихаттау және индустриядағы үздік идеяларды дамыту.

Дулати университеті қабырғасында «Экономика және менеджмент» кафедрасының PhD докторы, сарапшы Гүлзат Қуанышбайқызымен коммерцияландыру жобаларын жүзеге асыру мақсатында кездесу өтті.Ұйымдастыру комитеті: Ғылым және коммерцияландыру департаментінің коммерцияландыру бөлімі.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма мүшесі – Ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев және «Ионосфера институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Серік Нұрақынов Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны мен ғылыми институты арасындағы Ғылым және жоғары білім саласындағы байланыстарды дамыту және нығайту туралы екі жақты меморандумға қол қойды.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен 2024-2026 жылдарға арналған Ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпазы анықталды.

Жеңімпаз М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Әлеуметтік психология» кафедрасының профессоры п.ғ.к. Керимбаева Рысты Қалдыханқызы.

Жоба тақырыбы: «Заманауи үлгідегі ойыншықтар арқылы қазақ халқының ұлттық құндылықтарын жаңғырту».

Үздік жоба аясында профессор Рысты Қалдыханқызы 350 миллион қаржылық грантты жеңіп алды.

Рысты Қалдыханқызының жобасы университет тарихында тұңғыш рет коммерцияландыру конкурсы бойынша грантты жеңіп алған және байқаудың ең жоғарғы қаржысын иеленген үздік жобалардың бірі.

Профессор Рысты ханымның ғылыми ізденістестеріне шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз!

Дулати университетінің қабырғасында Коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақстандағы технологияларды коммерцияландыру орталығы» ЖШС-нің бас директоры Құрманғазы Құралұлы Омаровтың қатысуымен ғалымдарымыздың инновациялық жобаларын 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыру