Сандық Университет

ИИ-агенты — это автономные интеллектуальные системы, которые могут взаимодействовать с внешней средой, принимать решения и предпринимать действия без вмешательства человека. Такие агенты создаются с помощью специальных конструкторов на основе машинного обучения и обработки естественного языка (NLP). Они способны выполнять простые рутинные задачи, решать более сложные, а также поддерживать режим многозадачности.

толық мәтінді білім беру және ғылыми ресурстарды біріктіретін ақпараттық-анықтамалық және іздеу жүйесі.

Платформа электрондық оқулықтар, әдістемелік нұсқаулықтар, ғылыми мақалалар, бейнедәрістер мен сыртқы дерекқорларды (Scopus, EBSCO, РМЭБ және т.б.) қамтиды.

Электронды кітапхананың негізгі мақсаты – оқу және ғылыми материалдарды орталықтандырылған түрде сақтау және ұсыну, кез келген жерден оқу ресурстарына тәулік бойы қол жеткізуді қамтамасыз ету, студенттерге, оқытушыларға және ғылыми қызметкерлерге өзекті ақпарат алуда қолдау көрсету, сондай-ақ академиялық және ғылыми-зерттеу ұтқырлықты кеңейту.

Жоғары оқу орнының негізгі аудиторияларымен – талапкерлермен, студенттермен, оқытушылармен, қызметкерлермен және жұмыс берушілермен ақпараттық және сервистік өзара әрекеттесуді автоматтандыруға арналған жасанды интеллектке негізделген интеллектуалды цифрлық жүйе.

Мақсаты: университеттік сервистердің тәулік бойы (24/7) қолжетімділігін арттыру, анықтама және әкімшілік қызметтердің жүктемесін азайту, ақпарат алуды жеңілдету және жеделдету, білім беру процесіне қатысушылардың цифрлық қатысуын күшейту.

SmartDU – университеттің бизнес-процестеріне арналған орталықтандырылған автоматтандырылған жүйе. Бұл жүйе оқу орнының академиялық, әкімшілік және инфрақұрылымдық қызметінің барлық негізгі аспектілерін қамтитын интеграцияланған цифрлық платформа болып табылады. Жүйе басқару тиімділігін арттыру, процестерді оңтайландыру және білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту мақсатында әзірленген.

«Platonus» (Платонус) — бұл университеттің білім беру процесін басқаруға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе. Кредиттік және дистанционды оқу жүйесін қамтитын жүйе университетте 2013 жылы іске қосылды. Бағдарламалық жасақтамада әр студент пен қызметкер үшін кабинет жасалған, ол жоғары оқу орны қызметкерлерінің негізгі міндеттерін автоматтандыруға ықпал етіп, студенттердің керекті ақпаратты тауып, дистанциондық жолмен оқитын студенттерге тез арада оқу және бақылау бағдарламаларына еніп, оқытушылармен интернет желісі арқылы немесе жоғары оқу орнының ішкі желісі арқылы қатынас жасауына көмек көрсетеді.