Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру

Тұрарова Айсұлу Нурдыновна

доцент, п. ғ. к

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 

 

 

 

Кәсіби өмірбаяны/Білім

Білім саласындағы жұмыс өтілі: 37 жыл. Еңбек жолын Жамбыл педагогикалық  институтында  оқытушылықтан (1989-1990ж.) бастаған.

1989 жылдан Жамбыл пединститутында, оқу орынының ауысуына байланысты 1997 жылдан Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ тілі кафедрасында аға оқытушы, 2000 -2010 жылдар аралығында Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, 2010-2012 жылдар аралығында  филология факультетінің деканы қызметін, 2012-2013 оқу жылында Астана қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінде доцент қызметін  атқарды.

 2013 - 2019 жылдары -ТарМПИ, ТарМПУ-ның филология факультетінің деканы қызметін атқарды. 2019 -2020 оқу жылы Тараз мемлекеттік  педагогикалық университеті, Педагогика жоғары мектебінің деканы, 2020-2021оқу жылында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Гуманитарлық - әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы қызметін атқарды. 2021жылдың қыркүйек айынан бастап Ұстаз институты, «Мектепке дейінгі және бастауш білім беру» кафедрасының профессорымы.

18.11.2023 күнінен бастап «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы м.а. қызметін атқаруда.

1999 жылы «Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған. 2004 жылы «Тіл білімі» мамандығы бойынша доцент атағын алды.

        Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен «Қазақ тілі» типтік бағдарламасы авторларының бірі. Тіл біліміне қатысты курстардан жұмыс бағдарламаларын, білім бағдарламаларын, оқу-әдістемелік нұсқаулықтарын, студенттердің дербес жұмысын орындау туралы әдістемелік құралдарын дайындады. 2 монография, 4 оқу құралы, 4 оқу- әдістемелік құралы бар, 200-ден  аса ғылыми мақалалардың авторы.

         Атқарған еңбектері бағаланып, «Ең үздік кафедра меңгерушісі», «Институтқа 40 жыл», «Институтқа 45 жыл», «Педагогикалық университетке 50 жыл» төс белгісімен, «Ғылым» номинациясы бойынша облыс әкімінің жүлдесімен (2018ж.), ҚР  Білім және ғылым министрлігінің "Ы.Алтынсарин" төс телгісімен (2017ж.), «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен (2018ж.), «Еңбегім еліме» төсбелгісімен (2023ж), ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «А.Байтұрсынов» төс белгісімен (2024ж.), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің   мақтау грамотасымен, «НұрОтан», «Аманат» партиясының облыс, қала әкімдерінің, университет басшыларының мақтау грамоталарымен, алғыс хаттарымен, сертификаттармен марапатталған.  

Білімі:

Жоғары. 1989 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-нің филология факультетін, содан соң, 1995 жылы ҚазМҰУ-нің аспирантурасын  бітірген.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің мемлекеттік тапсырысымен ғылымды 2014-2016 жылдары гранттық негізде қаржыландыру аясында «Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар» тақырыбындағы жоба. Мемлекеттік тілді дамыту институтында орындалды.

Оспанова Дана, Курманбекова Зульфия, Шагирбаева Бахтыгүл, Тұрарова Айсұлу, Орманова Айгүл, Тургумбаева Нұрсұлу, Гульнара Махажанова, Құрманбекова Айгүл

«Psycholinguistic and Cultural Dimensions of Emotion Verbalization: Investigating the Rationale Behind Word Choice»

Eurasian Journal of Applied Linguistics, 11(1)(2025)

202-216

https://ejal.info/menuscript/index.php/ejal/article/view/999/368

Соңғы 3 жылдағы КОКСНВО журналдарындағы жарияланымдар көрсетілді.

  1. А.Н.Турарова, Э.А.Айтенова, Г.Ү.Оралымбетова,А.А.Сманова «Болашақ педагогті кәсіби даярлауда коллаборациялық

ортаны ұйымдастырудың мәні мен маңызы»

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(81), 2024 ж.

(77), 2023 г. (169-177 бет)

https://bulletin-pedagogy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/3242/863

2.А.Н.Турарова, Н.Р.Суранчиева, М.А.Батырбаева, А.Т.Махамбетжанова, А.Ж.Еримова «Әлеуметтік еріктілік қызметтер –болашақ мамандардың толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру құралы»

Абай атындағы ҚазҰПУ-ң хабаршысы «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1 (85), 2025ж. -187-201 б.

https://bulletin-pedagogy.kaznpu.kz/index.php/ped/issue/view/64

 Кәрібекова А., Тұрарова А. «Қазақ тілі және бритизм» BULLETIN of Ablai Khan KazUIRandWL. Series “PHILOLOGICAL SCIENCES” Nо.3 (78) 2025, рр. 186-200 https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/2158/603

  1. А.Ж. Кәрібекова, Г.С. Асқарова, А.Н. Тұрарова

«Абайдың қара сөздеріндегі мақал-мәтелдер мен афоризмдер және қазіргі рухани құндылықтар»

 «Шәкәрім университетінің хабаршысы. Филология сериясы» No4 (4) 2025 «Bulletin of Shakarim University. Philology series» No4 (4) 2025 https://philological.vestnik.shakarim.kz/index.php/my/article/view/94/82 

ҚР  Білім және ғылым министрлігінің "Ы.Алтынсарин" төс телгісімен (2017ж.),

«Еңбегім еліме» төсбелгісімен (2023ж), ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «А.Байтұрсынов» төс белгісімен (2024ж.), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің   мақтау грамоталары.