Орыс тілі мен әдебиеті

Свидова Наталья Васильевна

доцент, ф.ғ.к.

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 

 

 

Кәсіби Өмірбаяны/Білім

Н.В. Свидованың кәсіби қызметі 1985 жылы Жамбыл педагогикалық институтының «Орыс және шетел әдебиеті» кафедрасында оқытушы ретінде басталды. Қазіргі уақытта Н.В. Свидова М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті болып қызмет атқарады. 1997 жылы Н.В. Свидова әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Орыс және шетел әдебиеті» кафедрасында кандидаттық диссертациясын қорғап, біліктілігін растады.Н.В. Свидованың 50-ден астам ғылыми мақалалары жарық көрген, сондай-ақ студенттерге арналған оқу құралдары жарияланған: «Әдебиет сабақтарында орыс классикасын интерпретациялау» (2015 ж., теңавторлықта), «Қазақстандық авторлардың эпикалық және лирикалық шығармаларын талдау» (2019 ж., теңавторлықта). Қазіргі уақытта Н.В. Свидова студенттердің ғылыми мақалалар жазуына белсенді түрде қатысып, сонымен қатар Тараз қаласы мен Жамбыл облысының жоғары сынып оқушыларын зерттеу қызметіне дайындаумен айналысады. Оның жетекшілігіндегі оқушылар ғылыми жобалардың облыстық және республикалық кезеңдерінде бірнеше рет жүлделі орындарға ие болған және ие болып келеді.2017 жылдан бері Н.В. Свидова авторлар ұжымы құрамында Қазақстан Республикасының орыс тілінде оқытатын орта білім беру мектептеріне арналған «Орыс әдебиеті» оқулықтарын құрастырумен табысты түрде айналысып келеді. Қазіргі уақытта 5-сыныпқа арналған оқулықтар, соның ішінде электронды оқулық (Атамұра баспасы), сондай-ақ 9-сыныпқа арналған оқулықтар (Жазушы баспасы) шығарылып, қайта басылды.

Білімі:

1.С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (орыс тілі мен әдебиеті пәнінің филологы, оқытушысы).

2. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы аспирантура (диссертация қорғаумен): филология ғылымдарының кандидаты, 10.01.01 – «Орыс әдебиеті» мамандығы бойынша; «Әдебиеттану» мамандығы бойынша доцент.

  1. Нагрудный знак «Ы. Алтынсарин»

№ 218  2017 г.