ҚЫТАЙ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Дулати университетіне жұмыс сапарымен Пекин қаласында орналасқан «Солтүстік Қытай электр энергетикалық» университетінің су шаруашылығы саласының профессоры Сяо Фен келді.

пкин2222

Кездесу мақсаты – су мәселесін оңтайлы шешу жолдарын қарастырып, сала мамандарын тарту мәселелерін талқылау. Бірлесе жұмыс жасау арқылы жастарға білім мен дағдыны пайдаланып, тәжірибе алу арқылы кәсіби салаға қадам басуға мүмкіндіктер ашу.

Ғалым Сяо Фен бас ғимаратта орналасқан мұражайда М.Х.Дулатидің шығармашылығымен танысып, әйгілі тарихшының жәдігерлері мен қоғамдық қызметін сипаттайтын мұрағат құжаттар, тарихи фотосуреттер, сирек басылымдарына қызығушылық танытты.

Екі университет арасында білім беру мен ғылыми іс-қимыл саласындағы өзара тиімді стратегиялық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Сяо Фен «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтында жұмыс жүргізеді.

Top