ЕКІ ЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

2025 жылдың 29 қаңтар күні университет қабырғасында Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек «Ауыл» партиясы жанынан құрылған «Мейірім құшағы» әйелдер, балалар және отбасы істері жөніндегі комиссиясының Жамбыл облысы бойынша өңірлік филиалының төрайымы Айгерім Сарсенбаеваны қабылдады.

Кездесу барысында екі тарап отбасы құндылықтарын нығайту арқылы әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, білім, ғылым және мәдениет саласында өзара ынтымақтастық байланыстарды дамыту туралы екі жақты меморандумға қол қойды.

Кездесу соңында қонақтарымыз бас ғимаратта орналасқан мұражайда М.Х.Дулатидің шығармашылығымен танысып, әйгілі тарихшының жәдігерлері мен қоғамдық қызметін сипаттайтын мұрағат құжаттар, тарихи фотосуреттер, сирек басылымдарына қызығушылық танытты.

музей январьт1111

 

Top