
Super User
ЗАВЕРШИЛАСЬ ПРЕДМЕТНАЯ ОЛИМПИАДА
26 февраля 2022 года магистранты 1 курса образовательной программы 7М05311 Химия и 7М07112 Химический инженерия и процессы кафедры «Химия и химическая технология» Таразского регионального университета имени М. Х. Дулати организовали олимпиаду по химии для студентов кафедры. Цель олимпиады повысить интерес учащихся к химии, усовершенствовать систему подготовки олимпийского резерва, мотивировать учащихся. Олимпиада проходила в два тура. Студенты, набравшие высокие баллы в 1-м туре олимпиады, проходили во 2-й тур. Студентам подробно рассказывались правила олимпиады. Участникам не разрешалось пользоваться никакими средствами связи, шпаргалками и т.д.
ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Бәсекелі орта болғанда ғана білімге деген құштарлық артатыны белгілі. Өзара сынға түсу – оқыған-тоқығаныңды жадыңда бекемдей түсу үшін әрі бәсекелік қабілетті артту үшін қажет. Осыны ескерген М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының 7М05311 Химия және 7М07112 Химиялық инженерия және процесстер білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары кафедраның 1-3 курс студенттері арасында химия пәні бойынша олимпиада өткізген болатын.
Студенттердің химия пәніне деген қызығушылығын арттыру, олимпиада резервісінің дайындық жүйесін жетілдіруді көздеген магистранттар осылайша болашақ химиктерді ынталандырып, серпін берді.
Олимпиада екі кезеңде өткізілді. 1-кезеңде олимпиадалық тест тапсырмаларынан жоғары ұпай жинаған студенттер 2-кезеңге жіберілді. Қатысушылардан есептердің шығару жолы мен түсіндірмесін толық жазу талап етілді. Ал кез келген байланыс құралын пайдалануға тиым салынды.
АНАЛАР – ӘН-ЖЫРДЫҢ АРҚАУЫ
Мать — это жизнь, мать — это сердцевина жизни. Имя Всевышнего, качающего колыбель жизни и дающего потомство человечеству, всегда почитаемо, слово его — заповедь, пьедестал его высок. Невозможно выразить словами, лаской и выражением силы женщины, благополучно принесшей свое потомство с древних времен и до наших дней.
В честь Международного женского дня 8 марта студенты 2 курса и куратор группы образовательной программы 6В05314 Химия кафедры химии и химической технологии Таразского регионального университета им. М.Х. Дулати М. С. Калмаханова организовали открытый кураторский час на тему «Ана – өмір тірегі». В мероприятии приняли участие директор департамента по воспитательной работе и социальным вопросам Назарбекова Алуа Ахмедиаровна, заместитель декана по воспитательной работе Анарова Гайни Сериковна, заведующая кафедрой, к.х.н., ассоцированный профессор
АНАЛАР – ӘН-ЖЫРДЫҢ АРҚАУЫ
Ана – өмір, ана – тіршілік өзегі. Алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде ұйымдастырылған «Ана – өмір тірегі» атты іс-шараға ұрпағы үшін бейнет кешкен аналар галлериясы арқау болды.
«Химия және химиялық технология» кафедрасының 6В05314 Химия білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері мен топ кураторы Маржан Қалмаханова ұйымдастырған ашық кураторлық тәрбие сағатына университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент директоры Алуа Назарбекова, тәрбие жұмысы бойынша факультет деканының орынбасары Ғайни Анарова, кафедра меңгерушісі х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Бақытгүл Масалимова қатысты.
БАЛҒЫНДЫРҒА ҮМІТ СЫЙЛАҒАН...
Тараз қаласындағы «Үміт» мамандандырылған бөбектер үйінде балғындарға үміт сыйлайған қайырымдылық іс-шарасы өтті. Бұған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Ұстаз» институтының «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының аға оқытушылары Э. Әміркенова мен Г. Оралдың бастамашы болды. Көктемдей қоғамнан жылылық күткен бүлдіршіндер үшін осындай жан жадыратар сәттер аса керек.
Игі бастамаға 6 В01901 «Логопедия» мамандығында оқитын 1-2 курстың студенттері атсалысты. Олар өнер көрсетіп, әннен шашу шашып, балаларға шаттық сыйлады.
ДЕНЬ БЛАГОДАРЕНИЯ
День благодарения – это день Ассамблеи народа Казахстана, объединяющей под одной крышей все нации и народности, основной столп национально-патриотической идеи «Мәңгілік Ел», направленной на объединение народа Казахстана навека. Этот день является днём взаимного уважения всех граждан нашей страны, которые вместе преодолели трудные времена и неустанно трудились во имя становления независимого Казахстана под руководством Президента за короткий период времени.
День Благодарения также является днем поддержки традиций благотворительности, социальной солидарности и взаимопомощи. Этот знаменательный праздник отмечается в нашей стране с 2016 года. С тех пор во всех учебных заведениях проводятся различные мероприятия по воспитанию у молодежи чувства уважения, достоинства, нравственности и ценностей. 28 февраля 2022 года Мамешова Саят Алишериевна старший преподаватель кафедры «Химии и химической технологии» Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати, организовала со студентами 2 курса образовательной программы 6В05314 «Химия» Праздничное мероприятие, посвященное ко Дню благодарности.
СЕНІМ МЕН СЫЙЛАСТЫҚҚА БАСТАҒАН ІС-ШАРА
Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл айтулы мереке елімізде 2016 жылдан бері аталып өтілуде. Содан бері барлық білім беру мекемелерінде жастарды сыйластыққа, құрметке, адамгершілікке баулитын және құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту мақсатында әр түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады.
Осы дәстүр биыл да жалғасын тауып, «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы Саят Әлішеріқызы 2 курс студенттерімен бірлесіп, университеттің ақпараттық кітапханалық орталығында «Алғыспен ел көгерер!» тақырыбында факультет деңгейінде мерекелік іс-шара өткізді.
АЛҒЫС АЙТУ – ІЗГІЛІК МЕРЕКЕСІ
Көктемнің басы – наурыз айының өзі ізгілікке үндейтін атаулы күннен басталады. 2016 жыл күнтізбемізге тағы бір мереке – Алғыс айту күні қосылғаны есте.
1 наурыз – күнтізбедегі қатардағы атаулы күндердің бірі емес. Бұл күн тарихты жаңғыртуымен мәнді. Зұлмат жылдардың зардабын тартқан ұлт пен ұлыстың қазақ халқына деген риясыз ризашылығын білдіретін күн.
Жалпы алғыс деген сөздің өзі жанға жылу береді. Сондықтан болар, осы күн бірден санамызға сіңіп, жалпыхалықтық мерекеге айналды.
Бұл – ұлтымыздың өткенін таразылап, бүгінін бағалауға шақыратын күн. Өткенді саралауға, болашаққа бағдар түзеуге, келешекке ой жүгіртуге мүмкіндік береді. Қазіргідей алмағайып заманда, әлемдегі геосаяси ахуал ушығып тұрған кезеңде айтар сөзіңді салмақтап, болып жатқан жағдайларға ашық санамен қарау аса маңызды. Ал әр кезеңде орын алып жататын осындай түрлі жағдайларды дұрыс саралап, оң ой түю үшін де «Алғыс айту күні» секілді атаулы мерекелер қажет.
Бүгінде М.Х. Дулати атындағы университетте 17 мыңға жуық студент білім алып, 1000-нан аса профессор-оқытушылар қызмет атқаруда. Өңірдегі іргелі оқу орнында түрлі өзге ұлттың өкілдері бір шаңырақтың астына топтасқан. Университетімізге арман қуып келіп, алдына нақты меже қойып білім алып жатқан өзбек, тәжік, түркімен, әзербайжан, татар, ұйғыр, шешендер мен чуваштар ингуштар мен дүнгендер, корейлер, қытай, грузин, грек, тағы да басқа 33 ұлттың ұрпағын бір ғана ортақ мақсат біріктіріп отыр. Ол – білім алып, білікті маман атанып, елге қызмет ету деген тілек.
Баршаңызды көктеммен бірге келген ізгілік мерекесі – 1 Наурыз Алғыс айту күнімен құттықтаймын. Жас ұрпаққа білім және тәрбие беру жолындағы өлшеусіз еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін.
Талғат Ешенқұлов,
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректоры.
«ФЕМИДА» ЖАСТАР КЛУБЫ МЕН СТУДЕНТТЕР АШЫҚ ДИАЛОГҚА ШЫҚТЫ
Көп жағдайда аға буынның кейбірі жастарды кінәлауға дайын тұратыны жасырын емес. Мұндайда өткен кезең мен бүгінгі жағдайды салыстыратындар көп. Әйтсе де, кейінгі толқынның бәрі ойсыз, жігерсіз емес. Олардың қазіргі қоғамдағы түйткілдерді ашық алаңда талқыға салғаны – соның бір көрінісі.
«Фемида» жастар клубы мен «Qazaqstan studentter aliansy» ұйымы студенттер жастармен бірлесіп «Ашық диалог» өткізді. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің белсенділері ауыл-аймақтағы өз замандастары тап келіп отырған кедергілерді сөз етті. Жұмыссыздық жайы ашық айтылды.
Спикерлер – облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа, облыстық мәслихаттың депутаты Болатбек Уалихан Болатбекұлы, «Жастар ресурстық орталығының» «Ұйымдастыру бөлімінің» басшысы Азамат Лесбек тұрғын үймен қамтудың қандай мүмкіншіліктері бар, қоғамда жастар бос уақытын қалай тиімді пайдалануына болатынын айтып өтті. Осы мақсатта қандай бағдарламалар қабылданғанын, ол бойынша қандай мүмкіндіктер берілетінін түсіндірді.
Ашық алаңда құқықтық сананы арттыру туралы мәселелер де қозғалды. Жастардың белсенділігін арттыру жайы да сөз болды.
"БІЗДЕ СТУДЕНТ БОЛҒАНБЫЗ"
«Су ресурстары» кафедрасының 1-3 курс студенттері Институттың 60 жылдығына байланысты "Бізде студент болғанбыз" тақырыбында түлектермен бірге ашық кураторлық сағатын өткізді.
Бірінші сөз кезегін 3 курс топ кураторы Байжігітова Мадина Төреханқызы және «Су ресурстары» кафедрасының аға кураторы Кожамкулова Гулназ Ерлепесқызы «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының және «Су ресурстары» кафедрасының тарихымен таныстырып шықты. Кешімізді ары қарай 7М08612- «Елді мекендерін сумен қамтамасыз ету және суды бұру» білім бағдарласының 1 курс магистранты Халық Елнұрға, 7М07411-«Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар» білім бағдарласының 1 курс магистранты Джабаев Қуанышқа және 7М08615-«Су ресурстарын басқару» білім бағдарламасының 1 курс магистранты Карабеков Тимурға берілді. Олар «Менде студент болғанмын» деп өз сөздерін бастап, алдағы отырған студенттерге өздерінің өмірі жайлы, студенттік кезіндегі қандай жетістіктерге жеткендігі туралы әңгіме қозғады. Студент кезіндегі бірнеше мақалалар жазып жүлделі орындарға ие болғанын, өздерінің тыңдай еңбек етуінің арқасында және «Су ресурстары» кафедрасының профессор-оқытушы құрамының берген білімдері және көмегі арқасында студенттер арасындағы ғылыми конференцияларға қатысып жүлделі орын алғандықтары, басқа да қалаларға барып студенттер арасындағы олимпиадаларға қатысып көптеген жүлделі орындарға ие болғандықтарын айтты. Сонымен қатар Дулати университетінің қабырғасында бірнеше студент жастарға арналған студенттік ұйымдар бар екендігін, оның ішінде студенттік белсенділер қатарына жазылғандарын және де «Энактус» жастар орталығына қатысқандарын, «Студент-зерттеуші» атағын жеңіп алғандықтары туралы айтып студенттерді қызықтыруға тырысты.